ВЕРНУТЬСЯ

                   1. Әкенің оралуы
 Ленинград...
Досты көрдің
Махаббаты қайнап
тасқан!
Ленинград...
Қасты көрдің
Қаны суық қайрақ,
тастан...
Шаттығы мен
дертін көрдің
Ағзамдар мен
азапкердің.
Алауынан өрт
түндердің
Адам жанған
дозақ көрдің.
Қара таска
қайралғандай
Қанжар тілді
сағат кердің...
Қайсыған да
қайран қалмай
Сан мәртебе
сабақ бердің.
Ленинград!.. Тас
жүректен
Көздеп тұрып дәл
атудың
Заңын таптың!
Ащы дерт пен
Аш құрсақтан
дана тудың.
Миын соққы
зақымдаған
Жұмыр бастай жер
бейбақтың,
Әз арманын
жақындаған
Әзірейілге
бермей бақтың.
Ақырында?..
Данышпандар
Арман еткен алып
күшті -
Толғақ қатты
жанышқанда -
Жер-Анадан талып
түсті.
Ірі оқпен де,
жүрекпен де
Жар caп әлем
жер-кегіне,
Бақыт алғаш шыр
еткенде
Орап алдың
жөргегіне.
Жалғыз саған бұл
сынақ-ты:
Түгел аппақ
орамалдың
Түсі қызыл
болсын-ақ деп,
Кіндік қанын
орап алдың.
Ол өссін деп
сергек түлеп,
Невамен де кенесіп
ең,
Нева дария
тербетті де,
Бесік істеп
кемесінен.
Тағы да дос, таң
нұрында
Махаббаты қайнап
тасқан,
Тағы да қас,
тамырында
Қаны суық қайрақ
тастан.
Саған қарсы
қайралғандай
Қанжар тілді
сағат көрдің,-
Қайсыған да
қайран қалмай,
Сабырыңмен сабақ
бердің.
Ленинград!..
Нева қақын
Жеген жоқсың:
мол тасыттың;
He бір ғалым, не
бір ақын -
Бәрін серік,
жолдас ұқтың.
Жолға шықтың:
орман, дала,
Талай заңғар
тауға шықтың;
Өнер септің бар
маңға да
Адалындай сауған
сүттің...
Сен қалада,
түзде көсем,
Қамқорысың
азапкердің,
Біліміңнен бізге
де сен
Қанша дана қазақ
бердің!..
Өзің берген оқуыңды
түгесіп,
Шынға біткен
шынардай-ақ тік өсіп,
Бір купеде
біздің Ахаң Жұбанов
Келе жатыр; жолы
- жазық, төбешік...
Барар таудың
баурайы жаз, басы қыс;
Жас дирижер,
композитор асығыс...
Бұ да бейне
миуа-бақты ерте-кеш
Сайратқалы келе
жатқан әнші құс.
Мініп алып қия
дейтін пырақты,
Шолады өзі
жақынды да жырақты;
Кейде жанын
толқытады кейінде
Қалдырғаны
қайран Ленинградты.
Қимайды ғой
қызық дәурен ұясын,
Оны мәңгі
көкірегіңе құясың.
Данышпандар
қазинасын дарытқан
Бөлмелерді қалай
ғана қиярсың?!
Жүруші еді-ау
профессор ақ кірпік
Жақсы беріп,
жаманыңды лақтырып,
Жазы-қысы сылып
алар сынаққа
Барушы еді-ау
«азап» айдап, бақ түртіп...
Жан жоқ еді-ау
жақсы өнерді қор қылар;-
Жан жоқ еді-ау
жақсы өнерге құр құмар!..
Күннің алтын
сәулесіндей жан-жаққа
 Тарап кетті-ау талай асыл құрбылар.
Соларды алып
шартарапқа жол қашты,
Өнерпаздар өз жұртымен
жалғасты.
Жарқырайды-ау өз
жерінде жұлдыздай
Жаңа мезгіл
жаршылары алғашқы.
...Осы оймен
жерден өтті не шұрайлы,
Жазғы таң,
күреңіткен кеш райлы...
Тоқтай тұр...
Тегіс жерде терезеден
Бір көпір көзіне
оттай ұшырайды.
Бір кезде бар
қиялға батып өзі,
Бұл жерде бүтін
құрттан жарты жеді:
Шалдырып бала «қашқын»
шабдар атты,
Шалғында
шалқасынан жатып еді.
Сонау бір жон
тасынан жылап аққан
Мөлдірін аямаған
бұлақ аттан.
Барарда Ақтөбеге
- ақ қалаға
Сол судан кip
көйлегін бұл ағартқан.
«Алтын таң,
алтын дәурен, алтын қоғам,
Қымбат-ау күнін
түгіл, бұлтың маған!
.Жас ұлан жаттап
айтқан «харарауды».
Жосылып жатқан
осы жол тыңдаған.
Заулайды поезд,
сөйлейді поезд:
- Жотадан жота
айырып малды,
Ақтөбе қалды,
Айырық қалды,
Темір де қалды,
Жұрын да қалды,
Жұрында жақын,
жаран да қалды,
Орал да қалды,
Арал да қалды,
Бір тұста малды
Түркістан қалды,
Қөкек те қалды,
кекпек те қалды,
Сіз оянғанда
Мирзоян қалды,
Қырқасы бурыл
бордай да қалды,
Жан-жағы түгел
жұрдай да қалды,
Қорым да қалды,
Қордай да қалды,
Бақтай да қалды,
сордай да қалды,
Бұндай да қалды,
сондай да қалды...
Паровоз,
нағылғаның, жай басқаның?!
Алатау
жарқыратып жайды аспанын:
Жасыл бұлт,
қызғалдақ бұлт, қарлы бұлттың
Қарашы
баспалдақтап жайғасқанын.
Барыңды кез
алдыңа келтір, қазақ,
Қазақ боп
жаралмас ек, кең тұрмасақ,-
Басы қыс, бауыры
жаз бағанадан
Жарысып келе
жатыр кемпірқосақ...
Алатау, қарап
тұрып биігіңнен,
Шежіре шерт
бақытың мен «үйігіңнен:
Жайлаған
асқарыңды баяғыдан
Қазақтың осал
еді күйі кімнен?!
Күйшілер зиялы
еді ту басынан,
Сонда да
бүгінгідей тумас ұлан:
Өзіндей бояуы
шат, бойы заңғар
Өнердің біз
жұтамыз тұмасынан.
Бұл ойдан
арылғанша, қалың бақты
Алматы жамыратып
шамын жақты.
_ Келді!-деп,
кешкі перрон самаладай,
Сайратып қоя
берді «Самыржақты»...
Өнердің асыл
қызы, сал жігіті
Кимелеп,
кейіндегі шалды ұмытып,
Жаудырып
жан-жағынан жұпар гүлді,
Абзалын -
Ахметін алды күтіп.
Сабырлы салтын
сақтап шығыс тұрды!
Әз ана әлгі
топты ығыстырды;
Асықпай Құдайберген
ақ маңдайға
Ерінді еппен
ғана жұғыстырды.
Содан сод сайрап
кеткен жырау шалды
Көргенде көзді
бейне қырау шалды.
Содан соң көз
алдыңа көктем келді,
Жалбыз ол -
жалғыз жеңге Раушан-ды.
Ал, енді, бір
тағат қып тынды мезет:
Жырау да шырқап
болды тілді безеп,
Қолында қуыршақтай
бөпесі бар
Ахаңның аяшына
тиді кезек.
Жар Науат жаны
жібек ибадатты,
Алау бар ақ
жүзінде иман атты;
Именіп
қайнағадан, миығына
Шалғайын
орамалдың жинап апты.
Әзер кеп,
көрмегелі жаз озғасын,
Иді де жігітіне
ғазиз басын,
Ұстатты өз
қолына Ахметтің
Ақ құсын -
қуыршақтай Ғазизасын.
Кетті-ау деп
кешегі бір аласа күн,
Тарихқа тапсырды
әке бала шағын...
Дариға-ай,
білмейді ғой қолындағы
Құйтымдай
қуыршақтың болашағын!..
        2. А н а   к е л д і
Ауылың бар,
қалаң бар,
Күллі күйші
жарандар,
Жарнамаға
қараңдар!
Алмасы бар
аяқтай,
Жүзімі бар
жүректей,
Өнері бар
бұлақтай,
Бір сағаты бір
аттай,
Алматыға
келіңдер:
Жаңа өмірдің
миуалы
Жаннатына
келіңдер!
Домбырадан,
қобыздан,
Дауылпаздан,
кернейден.
Көп ішектен қаз
дауыс,
Қыл ішектен қыз
дауыс,
Оркестрі
қазақтың
Ашылуға аз-ақ
күн!
Алматыға
келіңдер,-
Жаннатыңа
келіңдер!
Ежіктесен,
барлық газет, журналды,
Етек-жеңі
жарнамаға арналды.
Көк құнажын,
бекі тұғыр, бес ешкі,-
Сан тараптан
сатты күйші әр малды...
Алматының алаң,
көше,
базары,
Көк мешіт пен
Райымбектің мазары,
Қой тасқа да
жапсырылған жарнама,
Жарнамалар тоқал
тамның ажары...
...Сол сол-ақ...
Бес-алты күй, бір ән білген
Штиблет, қос етекті
бұран. бел мен
,Кара мұрт,
тақиялы тақыр бас шал,
Жас бала жалаң
аяқ құралды елден.
-        Бастаймыз!.. Сұрақ бар ма?..
-        Сұрақы нет!..
Өй, саған,
плармони, рақмет!..
..Директор,
дирижері, көркем басшы -
Баяғы бала
қашқын - бір Ахмет.
Басталды!..
Бастапқы сөз: «Бірік!»-деді.
Бұл тәртіп бұрын
миға «іріп пе еді?..
He заман
жеке-дара желіккен саз
Бастары бар
аспапта бірікпеді..
Сезгендей семіз
асау жал құрықты,
Ақыры үн
бірікті, жан бірікті...
He пайда,
сахнадан түздегідей
Баяғы жалғыз
дауыс жаңғырықты...
Болмады ұзақ
танға таң қосылмай...
Бір сарын желді
күнгі тал басындай...
Ақыры әпенделер
нота көріп,
Жаттады ел-жұртының
таңбасындай...
Ақыры құтылып
сол азап таңнан,
Әр кімнің
сусындады өзі-ақ томнан...
Сан рет шаршап
барып, шалқып шықты.
Ахмет
Крайкомнан, Қазаткомнан.
Ақталды талай
жылды ұзатқан серт:
Құрылтай
құрметіне - ұзақ концерт!..
Енді еркің, сан
дауыстан салиқалы
Күйлерді
басқадан шерт, казақтан шерт...
Мінеки, түпсіз
терең залда тұнып,
Жайғасқан
ауылдық пен алматылық...
Дирижер
қарлығаштай қанат жайды,
Бір саты
биігінде алға тұрып.
Одан соң баяу
қозғап тыныш түнді,
Екі қол боз
жорғадай жүріс құрды.
Одан соң
теңіздегі сұрапылдай
Бұйра шаш бұркан-талқан
бір іс қылды.
Біресе
дауылпаздай қорқынышты,
Қанатын теріс
жайған қалпы күшті.
Біресе, ақ
жағалы қара фрак
Қайтадан
карлығаштай қалқып ұшты.
Біресе қайдағы
жыл, кайдағы айдан
Қаһарлы қанды
қылыш, найза майдан...
Апырау, ақ
шыбығы қолындағы
О баста жаралған
ба найзағайдан?!
Дирижер әлсін
бәсең, әлсін қатты
Аяусыз қатал
патша, хан сымбатты...
Таңылмай шыққан
сонау тал бесіктен,
Екі қол
оркестрді қалшылдатты!..
Екі қол
оркестрді жылатты да...
Ақыры ақырындап
жұбатты да...
Ап-анық көз
алдыңа жайып салды
Ғаламат дозақты
да, жұмақты да...
Сүм теңіз жұртын
жұтса тұншығарды,
Үйретті ол...
Әлсін-әлсін тыншып алды.
Ізінше, тауда -
тарлан, cap жайлауда
Сайраған
караторғай күн шығарды...
Оркестр
қанатында ақ көйлекті,
Тізілген алма
мойын ақ қу лекті,
Бір өңкей күміс
күлкі балдыз билеп,
Ақшолпан,
құдашалар «Гаккулетті».
Алмайсың өнерден
ой, көріктен - көз,
Еркін жоқ, бұл
сағатта еріктен без.
Айғайлап
зал-замана қол соққанда
Безгектей
селкілдеді берік күмбез.
... Салют бейне
берілді жай оғынан!..
Оркестр да тік
тұрды аяғынан:
Бізге қарай әз
күйші қайран Дина
Жүріп келе
жатыпты баяғыдан.
Бар жиғанын
жоғалтпай көне дана
Жүзіп келе
жатыпты кеме-дала!-
Екі жақтап қос
келін қолтықтаған,
Қалың залды қақ
жарып келеді ана!..
Тауды шарлап, су
кешіп, өртті кезіп,
«Жалғыз марал
маңыраған» өтті кезі;
Төңіректі
асықпай түгендейді
Тоқсан жылды
тоздырған отты кезі.
Қайран Аққу,
айдын көл, аспанды ақтап,
Келе жатқан
бақытын бастан жоқтап.
Аппақ таза
жаулығы қарқарадай,
Салқын шықты
сахнаға баспалдақтап...
Гүл лақтырды
төңірек, құс лақтырды;
Күміс шашты...
Күлліге іс таптырды...
Дирижердің
сүйріктей екі қолын
Қасиетті он
саусақ ұстап тұрды...
-        Әйелмін ғой... Көз жаспен жұбаныппын.
Батырмын ғой...
Батпандап жүк алыппын...
Хатқа жазып,
шақыртып, қайсың едің
Қолын қойған
Ахмет Жұбановтың?..
-        Мен едім ғой, ақ шешем, қайран шешем
Кайран шешем,
сағындым!..
Бір жарқ еткен
жанарыңа бағындым.
Көз алдымда
күллісіндей бар болдың
Көк теңіздің, Ақ
жайықтың, шағылдың...
Қайран шешем!..
Азат болған
Жайықта
Қайғы бар ма,
әлде бүгін ғайып па?
Қан төгілген
Бекетайда қызғалдақ
Қызылшақа
алақанын жайып па?..
Құдай емес
мұндағы жұрт қожасы,
Еркін мұнда «Нар
идірген», «Бозашы»!..
Тарауықтай
тартылады осы үйде
Неше түрлі
баһадүрдің музасы.
Бақыт осы,
іздегенім бақ десең!..
Бақтан артық
қандай ғана жақ шешен?..
Қайырлы кеш -
қайырлы таң, сен үшін,
Қайран шешем,- қайран
менің ақ шешем!.
...Бір сәтке
босаңсыды есіл ана,
Мұң шақпас
мұндар адам елді ұға ма?!-
Көз жасы қуаныштың
омырауды
Түп-түгел жуып
кетті енді ғана...
         3. Тағы бір таң
Адамның кейбір
аңсары-ай,
Жаңбырдан соңғы
жалбыздай!..
Көкірек - ыстық,
кең сарай.
Койса ғой соны
жан бұзбай!..
Қойса ғой соны
сандықтай
Мұздатпай салқын
алтын да;-
Тұрса ғой көңіл
жабықпай,
Тірлікте шырқау
қалпында.
Суынбас, сөнбес
от берген
Бақытты шағың -
көтерме!..
Астана тойлап
өткерген
Он тәулік естен
кетер ме?!
Қадір кеш... Қазан
вокзалы;
Жорғалап келіп
жол тұрған;
Орыстың не бір
абзалы
Құшақты гүлге
толтырған.
Зиялы жандар
тынысын
Ерінге, бетке
тигізген,
Шаттықпен шайқап
түн ішін,
Қазаққа лавр
кигізген!..
Заманғы завод,
бақ, салон,
Жаңа бір қанша
жанған шам.
Көктемдей мәңгі
жақсы алаң,-
Күллісімен-ақ
жалғансаң.-
Қайда да құшақ
жайса адам
Қазақтың құптап
ән-күйін.
Аласың еске
кайтадан
Баяғы шешең
әлдиін.
Казақша сөйлеп
астана
Жаһанды он күн
жаңғыртса,
Достарың шалқып,
қас қана
Жүректен жүдеп
жан құртса.-
Арманы жоқ қой
жігіттің;
Арман-ақ еді-ау
сол деген?!
Далаңа гәусар
жүгірттің
Құрманғазы
шөлдеген!..
Жасарған ән-күй,
өлең тың -
Жеріндей байтақ
бай тұлғаң!..
Сол ол күн, ояу
сол он түн -
Мың дастан
еді-ау айтылған!..
...Шарлауға биік
қияны
Кырандар ұшқан ұя
тұр!..
Олардың аты -
зиялы
МХАТ пен Үлкен
театр.
Жаһанға жарық
таратқан
Жұлдызы биік
Кремль -
Бәрін де өнер
жаратқан,
Бәріне таза кіре
біл!..
Өткен шақ болып
қалдың ба
Былтырғы күй мен
былтырғы ән?!
«Қыз Жібектің»
де алдында
Жанын жеп жалғыз
бұл тұрған ..
Тарихқа кеме
жүздірткен
Қан-сорпа жанның
бірі осы;
Тыңдаған бұны
жүз ұлт пен
Лениннің
Политбюросы!...
Беу, мезгіл-ай,
аумалы да төкпелі!..
Ұқпадым ғой,
жерің қайсы өкпелі?!
Біз емес пе ек
азат елдің самалы,
Күннен туған
жазғытұрғы көк белі!..
... Беу,
мезгіл-ай, аумалы да төкпелі!..
'           Жан бола ма жақсылыққа өкпелі?.
Ту басында-ақ
келіп ек қой дүниеге
Ауыз ашып,
асылыңды өпкелі!..
Келіп ек қой
бақытынды құшқалы,
Шындығыңнаң
шырқап биік ұшқалы.
Қай қылығы қара
бұйра шашымның
Әр сағатта
ағарғаны үш талы?!
Бар өмірдің бал
қаймағын қалқыған
Жақсылықты қалай
ғана жалпы ұғам?..
Ана тілім -
Құдайберген үйінде,
Бабам сазы - өз
бөлмемде балқыған.
...Осы ойлардың
жетегінде тіл-үнсіз,
Өрге қарай жүре
берген тынымсыз...
Қалың қабақ
түгел түскен бұл шақта,
Тап келсеңіз
танымассыз түрін сіз...
Адал жанға,
көтермеген күнә-жүк,
Ac батырмас дерт-құнарсыз
кұр азық...
Тауға барған
жалғыз жаяу Ахмет
Намазшамда үйге
қайтты құлазып.
...Оқушым! Осы
тұсқа бір аялда;
Жалғыз Ахмет,
түнгі Ахмет рояльда.
Ешкім батып
бармайды бөлмесіне:
Ол серпілер
күндердің орайы - алда...
Әзір тек
барлаңыз:
Бантикті бала
қыз -
Жалғыз-ақ Ғазиза
-
Пионерің, күй
өнерін
Тәңірім деп
таныған
Титтей жүрегін
алдасын ба,-
Қалды осында
Есіктің
далдасында.
Ендігіні сол
қыздың
Құлағымен
құптайсың,
Көзімен де
көресің.
Көрінбей, тек
отырасың,
Елестермен таң
атырасың;
He көрсең де кез
алмайсың,
Қуансаң да қоза
алмайсың,
Қорықсаң да
қозғалмайсың...
Қелістік,
ендеше.
Апыр-ау,
білмейді екен бала деген:
Түк сезбейді
ұйқыда Болатекең.
Үннің де ащы,
тұщы, қышқыл, тәтті
Кәдімгідей
дәмдері болады екен.
Үннің де
жаңбырдай бар жас иісі,
Әтірдей, жұпар
гүлдей хош иісі,
Жер иісі, аяз
иісі, теңіз иісі -
Барлығына
толғандай осы үй іші...
Бұл бөлме таңды
көзден атырады...
Махаббаттың зары
мен батыр әні
Бірде
сылап-сипатып клавишты,
Бірде соған бар
қолды батырады.
Қалам бір сәт
қағазға түртінеді,
Қағаз бірде
қайтадан сүртіледі...
Жүдеу тартқан
Ағатай бейуақытта
Бір түнерді,
жадырап бір түледі.
Терезеден алысқа
ай аттанды;
Түн жарымда ария
аяқталды:
«У беріпті
жігітке!..» Қалтарыста
Бармақ тістеп,
Ғазиза аяп қалды.
Кім білген не
жәйіттер болды есінде,
Сөйткен шығар
кейіпкер өлгесін де;
Ахмет тамағын
бір кенеді де
Жүріп кетті
сенделіп бөлмесінде.
Әлде не бір
мезгілде қалың-қалың
Ноталардың сөреден
алынғанын
Көріп қалды
Ғазиза, тыңдап қалды,
Жаралы Аққу
тәңірге жалынғанын.
Ақырында оқ
тиген қанат талды,
Асыл құстың
топшысы қанап қалды,
«Аққу ,көлі»
мөлтілдеп жылап жатты...
Қайдағы бір
жыртқыштар қамап та алды...
...Қарашығы
үлкейіп, төзім қашты,
Титтей қолмен
Ғазиза кәзін басты...
Рояльда басталды
басқа бір күй:
Тау елігі
жөнелді тастан ырғи...
Жоқ, ол емес...
Бәрі де биші қыздар
Аяғының ұшынан
басқан ылғи...
...Көзін ашты
Ғазиза, түрді құлақ;-
Бұлбұл сайрап,
сылқылдап күлді бұлақ...
Ғазиза әкесін
«ағатай» деп атаған.
Рояльда - бір
теңіз өр тасыған;
Толқындары -
ысқырған орда жылан...
Ақсақалды әз ата
шыға келді
Көбік шашқан кек
жойқын ортасынан...
...Толқын жұтқан
өліктер ығып салды;-
Бір уыстай
Ғазиза бұғып қалды.
Рояльда не сурет
шұбады енді;
Көзбен көрген
елеске шүбә кем-ді:
Қызыл көзді бір
адам қобыз алып,
Қараңғыда
қабірден шыға келді...
Ұқпай мұнша
сарынды дала сұрқын,
Бақырып-ақ
жіберді бала шіркін...
...Ұйқыдағы
жанның бірі қалмастан
Тұра-тұра
қараңғыны қармасқан...
Науат күлген,
Болат шошып оянған,
Бибішынар ақ
таяққа жармасқан...
Ызы-қиқы олар
ашты есікті.
Ақыры сол
әбігерден не шықты?
Ахан, айтты ақ құсына
жымиып:
- Ұйқышылдар көп
қызықтан кешікті...
...Бұл кезде
аспаны-тау, заңғар аппақ,
Терезеден
қалыпты таң қарақтап!..
       4. Жауынгер оттың жанында
Композиторлар
одағы.
Тағдырластар
одағы
Бір бөлменің тар
түбінде.
Онда жоқ артық
үн де:
Сайрап сарнап
жататын
Өзгертіпті
күндегі тәртібін де.
Көрсетпес бүгін
көзге көз
Ылғалын да
жанары, құрғағын да:
Өлең түгіл өзге
сөз
Бұзған бүгін
ырғағын да.
Бірлігі биік
талапты,
Уа, достар
неткен қымбатты!..
Оларсыз талып
таң атты,
, Олармен күліп
күн батты!..
Бұл үйге аға,
іні толған,
Бұл үйде үн ұтқан,
үн ұтылған,
Бұл үйде тәтті
сөз - тәнті қылған,
Бұл үйде қатты
сөз ұмытылған...
«Өлгенімше, қан,
таси тұр,
Өлсем, тәнім
тыным білген!»-
Деуші еді-ау,
композитор,
Тіршіліктің
тілін білген.
Сол достар бүгін
жиналған;
Күндегідей
киінбеген,-
Сән түзеп жүріп
қиналған
Жан шіркінге
қиын деген...
Бірақ, іште
ыза-кек,
Жалаң қабат
күйінбеген...
Шаттық бүгін
көйдерден жоғалыпты;
Барлық жүрек
батпандап жүк алыпты.
Тамағын сәл
кенетіп, ақырындап,
Суық хабар
сөйлетті Жұбановты:
- Абзал
достар!.. Сын сағат сыңғыр етті,
Жау жетті деп
жалмауыз, сұм жүректі...
Біз білмеген
бәлкім бұл қаралы күй
Қаншамызға
ойналар соңғы рет-ті...
Күпшегінен у
шашқан доңғалақтай
Күллі жерді
күйдіргіш, домалатпай,
Оба - осы фашизм
- арғы шектен
Адамды атып
келеді, даланы атпай...
Құзғындарға
жасатып «той-дүбірді»
Жолдағының
барлығын жойды, қырды.
Әскерінің
алдында оркестрі
Зілзәләдей
қозғады ойды-қырды.
Сол бетімен
сұғынды шекарадан,
Шер-қасірет
зұлматтан шегер адам!?
Бірақ, біздің,
заңымыз аспаны мен
Жері барда жеңіске
шебер одан!..
Қаһар-зілін
төгеді қас дозаққа
Тамам туыс, қарт
орыс, жас қазақ та,
Таратады
қасықтай қанымыз да
Шапағатын
Отанға, басқа жаққа!..
Шырқап барып
жүрекпен жалғанатын
Ән қанаты -
қашан да жан қанаты.
Ән - зеңбірек,
шолғыншы «Қараңғы түн»,
Күткен жардың
жылтылдап «жанған оты».
Ән - қаталдық,
жорықта жол жүреген
Ән - ұлпа қар,
окоптан жел күреген;
Ән - ақша бұлт,
кестелі қыз орамал,
Ән - Жеңістің
жалауы желбіреген!..
Ән саласың,
өмірді сүйгің келсе,
Нар топырақ
үстіне үйдіргенше...
Солдат сырнай
тартады темекінің
Көк тұқылы
ерінді күйдіргенше...
Ендеше, батыр
емес бұғаналы,
Иттер ғана бұл
шақта бұға алады;-
Тыныш кездің
жалақор, мылжыңдары
Мына түста
біржола жоғалады!..
Ендеше үзіп
тастап әңгімені,
Нағыз жауға
найзадай ән кіреді!..
 Біз түгіл, желеп-жебеп майдан барар
Баяғы бабалардың
жан жүрегі!..
Кайтпаған қара
топан, тасқын беттен,
Құдіреті тау
күңірентіп, тасты үндеткен
Аттанады
майданға Ата Құрман,
Ата Біржан,
Қазанғап, Тәттімбет пен!..
...Сөз бітті...
Серт байласты өнерпаздар,
Қайнардай әр
жүректе өнер көз бар:
Қан майданда
қанша жан көз жұмса да,
Өлмеу үшін туады
өлең-саздар!..
„Айлар өтті...
Әркімнің некелесі,
Жас баласы нәр
татқан мекен осы:
Күбір-күбір әр
үйге тостағандап,
Паек белді
музыка мекемесі...
Жас енерпаз,
жастары ұлғайған да
Тыным-мігір
алған жоқ тыл, майданда.
Тоқсан жерде түн
сайын толғансаң да,
Ықыластың ыдысы
толмайды онда...
Қырмандардың
басында, заводтарда,
Босағаны
соғыстың заңы аттарда:
Қара қағаз
қарығыш қанатымен
Түндіктерді
күйдірген заматтарда,-
Бурят, шұқша,
қазақ па, түрікпен бе -
Үш-төрт солдат
бастары біріккенде,
Қараңғы орман
ішінен ойып алып,
Ажал бетке
топырақ бүріккенде,-
«Көктем шулап,
жайлауға жаз көшкенде
Мен барармын,
күт мені, жар!»- дескенде
Қар блиндаж
түбінде қайран әнші
Шырқап тұрып
шыбындай жан кешкенде,
Орман мүлгіп,
сазарып тұрып таң да,
Тыныштықтан
төңірек тіл ұққанда,
Қалғып кеткен
солдаттың түсінде де
Тылдан келген
музыка тыныққан ба?!
Міне, солдат
жанында костерінің,-
He бұйырса
Бауыржан:
Хош!-дер інің.
Жаңа ғана
алдыңғы шептен келіп,
Шала бөккен
ботқаға тосты ерінін.
Бір сыбаға
ботқадан бөлінбеген,
Суып қалған...
Ол неге желінбеген?
Таңдағы дос
кеште жоқ: Сыбағаңды
Тауыстырмай
алады өлім деген.
Солдат досын
ойласа, отты көсеп,
«Аққан жұлдыз
жарқ етіп еттіге» есеп...
Суыған жоқ бірақ
та сүйікті әні:
«Сүйген сұлу
Қарлығаш» көңілге сеп.
«Сүйген сұлу
Қарлығаш»... Осыны әр түн
Ұрыстан соң
шырқаушы ед досы марқұм.
Құйқылжытса бұл
әнді жақындайтын
Әр кім сүйген
жарына қосылар күн.
Дос құлады
бағана жер құшақтап;
Қайран даусын
«Қарлығаш» қалды сақтап.
Махаббаттың
жауына майдан ашып,
Сол дауыспен
«Қарлығаш» қарғыс атпақ.
Досы марқұм
өлерден аз-ақ бұрын
Танып қалып
бұйра шаш қазақ түрін,
Ахмет аға!-деп
бізге таныстырған
«Қарлығаштың»
атақты өз авторын.
Үш күн ұдай
шайқаста шаршаған біз -
Батальон сапында
барша адамбыз -
Жұбановты,
Жұбанов оркестрін
Жан-жағынан
жаутандап қоршағанбыз.
Жанып жатқан осы
оттың жарығындай
Жанып жатқан осы
оттың жалынындай,
Жұбановтын.
лебізі неткен ыстық,
Неукен ыстық,
жүректің жарлығындай!
А- Солдат, өзің
- күйіп көктер даласың,
Құласаң да,
қайта тұрар қаласың,-
Өмір-бақи өлмеу
үшін, осында
өлтіресің, өзің
қаза боласың...
Сен -сезімі қуаныш
пен наланың,
Жылайсың жаңа
туған баланың,
Салқынысың
ата-баба мәйтінің
Үстіндегі мың
жылғы мыс-қоланың...
Сол себепті
өшпес даңқтың бағасын
Жүз мәртебе
қымбат тұтып бағасың.
Сол себепті,
күнде бір от өшсе де,
Басқа жерден
күнде бір от жағасың.
Туған жердің
найзағайы мерген-ді -
Жау жүрегін
жарып түсіп жерге енді!-
Осы сөзбен
«Қарлығаштың» авторы
Кешкі орманда
концертті ашып берген-ді.
...Әлгі солдат
осы ойды қуат-әл қып,
Отқа шырпы салды
да, кетті қалғып.
Қалғып кетті
отырып жүресінен,
Қалғыса да
бітпеді жыр осымен:
Кеше көрген
қазақтың оркестрі
Кетпек емес
ұланның бір есінен.
Түсінде де
дирижер бұйра шашты
Бір қаусырып
құшағын, біресе ашты;
Жау қиратқан
жаралы тал түбінде
Күркіреген
ажалмен күрес ашты.
Жан ызғарлы
қашан да жау күтсе адам,
Жан басына түсер
деп нәубет содан:
Батальон алдында
күй аспаптар
Артығырақ
долданды гаубицадан.
- Олқы емес бұл
қаптаған танктен де,-
Беттеседі музыка
тамұқпен де:
Туған күнгі
секілді дыбыстайды
Өлерінің алдында
талып пенде.
Жұртым деген
жүректің анты барда
Жауға шапсаң,
ән-күйдің атын арла;
Қолға түссең,
әніңді ақтық рет
Жалғыз тұрып
өзің айт атыларда.
Саған, солдат,
көз біткен жаутаңдады,
Күйрет деп көк
темірді жау таңбалы.
Сөндір қара
жердегі қалың өртті,
Қалың өртке қан
болып жаусаң-дағы.
Үрей сұмдар
«Қазылды қабыр!»-десе,
Сақтағайсың батпандай
сабырды есте!-
Аппассионата,
соната, Сарыарқалар
Сөйлеп кетті
осылай со бір кеште.
Сол-ақ екен,
жаралы жас жапырақ
Қымтай алмай,
іздемей басқа тұрақ,
Оркестрдің
үстінен жауып кетті
Канды балшық,
қашанғы тас, топырақ.
Снаряд боп
аспанда дерт еңіреп,
Жайды жалпақ
қанатын өрт кеңірек:
Күрең жалын, көк
түтін жамылды да
Адам, ағаш, тұншықты
жер теңірек.
Табжылған жоқ
дирижер соған бірақ,
Жалынған жоқ
шыбындай жанды сұрап.
Кірпігін де
қаққан жоқ талай мезгіл
Жарақаттан
сақтаған жалғыз шырақ.
Білмейді
кімдердің ол жыры қалды,
Оркестрдің
кімдері тірі қалды;
Қызыл жалын
ішінде ақ шыбығы
Найзағайдай
жарқылдап тұрып алды.
Шым-шытырық...
Танктер озып асты;
Өртенгендер
далаға өзі қашты,
«Дирижерды
сақта!»- деп қайран солдат
Қалғып кеткен
жаңағы көзін ашты...