ВЕРНУТЬСЯ

Менің баяндамам

       Дамудың баспалдағы аян маған,
Мен оны жай бақылап, жай аңдаман.
Паш қылар Отаныма осы жылы
Өзімше менің де бар баяндамам.                                  
Еркім жоқ жастық шақты қия алмасқа,
Ендігі арман басқа, қиял басқа.
Аз біліп, албырт өскен ақын жігіт,            
                            
Халың жоқ соның үшін ұялмасқа.
Ал, айтшы ұққыш,
сүйгіш,епті кезім!
Мектепте кеше ненің өттің өзің?                                      

Қырғыз досыма

      Бауырым қырғыз!                               
Күніміз
Бір кезде шықты
ұядан;
Мал қайтарған
үніміз
Жарысты жартас
қиядан.
Анамыз қазан
асқанда,                            
Оттары қатар
маздаған,
Ел көшіп
яки босқанда,
Ботамыз бірге боздаған.
Ер құрбан болса,
Үшіне
Бір бердік қаза
асын да;
Тарықсақ, лашық ішінде
Бір төктік көздін жасын да.

Құрманғазы ( Ұстаз)

    Жансыздар ел
ішінде алды нұсқау -
Қашқынды қайда
жүрсе аңдып ұстау...
Есігі, терезесі
алаң-ашық
Қаңырап Жиделіде
қалды қыстау.
Көнеріп
ата-мекен тозар асыл,
Оған да басқа
түссе төзе аласың.
Азғырдан
нағашыға асты Құрман,
Ұрлап ап өз
әйелін, ез анасын.
Бітелген
әлдеқашан кеткен ізі,
Неше бір
аударылды айдың жүзі.
Астыртын ел
ішінде Құрман, Әуес
Атанған бай

Октябрь календары

       Анам тарих!                                                                      
Адам кешкен жолыңды ұқ
Неше ұрпақ календарьдан жұлындық?..
Бүкіл
жерді бүріп ұстап шеңгелі,
Қанша тер мен қан ұрттады зұлымдық?!..
Өлім мешкей, өмір аштан бұрлықты,
Дүние сонда өрекпіді, дүрлікті.
Қанша дауыл теңіздерді сапырып,
Қанша дауыл солқылдатты күрлықты.
Сұрапылдан дауа таппай шерленген
Әлем демін әрең алды шеңберден...

Құрманғазы (Ақсақ киік)

Жас мерген.
Оны көктен
көздеді күн.
Елеусіз қашқан
аңнан өзге бүгін.
Мінгені әлде құла,
әлде торы,
Жабудай
жамылыпты өз көбігін.
Байқатып ат
сабылар болар шағын
Толқын жүр
айналада: олар сағым.
Жәй жатпай оппа
құм да жануардың
Қалады асап-асап
толарсағын.
Белгісіз үлесіне
не тұрғаны,
Белгісіз қабағын
не қатырғаны
Ұқсайды
тұғырдағы «.аршығаға
Тұнжырап ат

Страницы