ВЕРНУТЬСЯ

Сөйткен кәрі Бетпақты

    Сөйткен кәрі Бетпақты                                  
Өзімсініп бүгін тым,
Серпіні де бек қатты,
Отыр менің жігітім.                                  
Отыр ол әне ортада
Әңгімені қыздырып,
Достары соны қоршағай
Бар шығар сірә жүз қырық
Барлығы соған қүмартып,
Соның аузын бағады;
Алғысын да күнде айтып,
Арқасынан
қағады.
Оқушы достым, ғафу ет,
Сәл кешігіп қалдым мен,

Таңдағы бір толғаныс

      Көкжиектен көзге дайым шалынар
Шартарапта автомобиль шаңы бар.
«Жарқыраған айнадай жол аз» деуші
Әлі мүмкін арыз айтып шағынар.
Со да сөз бе!..
Терең сырды қозғасам,
Дайын жолмен заулап едік біз қашан?!
Құдіретті
қозғалыстың демі ғой -
Өрлей берсін сонау биік құзға шаң!..
Демеспін мен:
«Бұл жақын
да, ол қашық».
Егер маған иланбасаң, жолға шық:
Түгел жолдар түгесілген жерінен

Сырласу

      Жан-жануар өсімдіктің,                          
Менің де анам!
Өзіңде ұқтым.
Еш кінәсіз жылы көзбен
Түрін көрдің
не сұмдықтың:
Көрдің адам соғыстарын -
Найза, садақ, оқ ұштарын,
Жасыл орман құшамын деп,
Жанып жатқан шоқ ұстадың.
Босандырмай жүкті әйелді,                 
Екі тағдыр жұптай өлді.
Қалды сол бір қарау жылдар
Қалды кейін, жұтпай елді.
Солай, сұлу Гүлей - Көктем!

Тоғысу

     Волга - Дон          өзен
екі өзен жарысып,
Білуші ек мың жылдар аққанын;
Жазда жел долданып әрі ысып,
Екі орта елге мұң шаққанын.
Білуші ек бұл екі дарияның
Толқынын теңіздер жұтқанын,
Қайығын ұрлап ап қарияның,
Бурлақтың көйлегін жыртқанын.
Білуші ек Октябрь кезінен
Екі өзен ел жүгін артқанын;
Қемелер жаңылмай ізінен
Алға тек жалғайтын арқанын.
Міне енді
екі өзен қол созды

Құрманғазы (Қызыл қайың қонағы )

       Дүние күңгірт
бейне шаң, тұмандай...
Апыр-ау, келер
күннің шарты қандай?
Бір үйде Құрман
жатыр құс төсекте,
Денесін өз қызуы
шарпығандай.
Аздай-ақ өзегіне
өрті мұңсыз,
Сөйлейді көзін
ашпай ол тынымсыз.
Еңкейіп тан
атқалы жастығына
Орыстың ақсақалы
отыр үнсіз.
Жатсынып сыры жұмбақ
дәрігерді.
Оңаша таңсәріден
дәрі берді.
Бір ғана
тілегені:
«Сағырбаеш

Страницы