ВЕРНУТЬСЯ

Құрманғазы (Бұрқасын)

Алғашқы қарлы-құйын;
ызың онда.
Қөкшақа
бүркеніпті мұзын жон да.
Бозшолақ тартқан
арба екі аяқты
Қоңыздай
қозғалады ұзын жолда.
Қиында
қыршаңқының жанын жалдап
Ертеден сүйрегені
екі солдат.
Аштархан
түрмесіде асығады
Бершімек
қабырғасы бекі сорлы ат.
Біреуі тыншу
отыр есірінбей,
Бір солдат
масығады есі кірмей,
Соңынан ілеседі
қара жаяу
Еріксіз Сағырбаев
екі'бірдей.

Төбеден төніп күн көзі

Төбеден төніп
күн көзі,
Қайнатып
миды тұр ыстық.
Бұл емес
жұмыстың кезі,
Мұндайда керек тыныштық.
Мұндайда соңғы хабарды
Оқимыз, тыңдап білеміз;
Дүкенге жаңа товарды
Көреміз деп те келеміз.
Орташа болса бір етік,
Оншалық сипап жатпаймыз,
Жақсылау
болса, дүрлетіп
Оншақты минут мақтаймыз.
Жамандау болса бір етік,
Бәріміз шулап күлеміз;
Сол кәсіп орнын жыр етіп,

Шолпан туралы монолог

     Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз біз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.
Шопан жайлы сөзім бар айтар әлі                
   
Одан маған не қилы ой тарады:
Көк дөңдегі баяғы бабасының
Күмбезінен қойды кеш қайтарады.
Қиял сонда сан келіл сан кетеді,
Ақыл-сана жинауға дәндетеді.
Бабасындай баяғы құлазымай,
Ашық күнде ақырын әндетеді.
Асықпайды, тұғырын бітеді,

Самархан деп сайрасам

     Мені мейман демес ешкім бұл жерде;
Білсін достар, білсін әлгі кімдер де...
Солдат едім сенің гәусер суыңмен                                  
Сарқын басқан сарша-тамыз күндерде.
Топырағыңа терім тамды аздаған;
Саған арнап неге дастан жазбағам!..
Таулы-тасты маңайыңда жерің аз
Жас күнімде жатып окоп қазбаған.
Сен үйреттің бірі бол деп қатардың,
Өзі бол деп қарсы жауға қаталдың,-
Сен үйреттің Отан қорғау өнерін,                       

Құрманғазы (Шалғайдағы шапқын)

            Алыстан ағасы кеп шайхы-сері.
Тарқады ақ
тоқалдың қайғы-шері,
«Бақпадың, алып
кетем - деген үшін,
Жеті күн
жалбақтады байғұс ері.
-        Шайқаған шаруаны күнде жиын.
Соларға босатты
ғой күмбез үйін:
Ендігі
қыз-жігіттің бәрі сайтан,-
Қаңғыбоз
қалдырмады кімге күйін?!
-        Бетім-ау, есіктерін қояды ашпай,
Қоржыннан шарап
алып, құяды астай.
Исінен
мылтығының ит безініп,
Қалды ғой

Страницы