ВЕРНУТЬСЯ

«Аупарткомның секретары бірінші»--
Кабинет бұл;
Кең дүние бір іші.                                                          
Сәнге қойған артық жиһаз мұнда жоқ,
Өмір - төрі, босағасы, бұрышы.
Сол қабырға - осы ауданның картасы,
(Бұл баяғы құм мен Жайық ортасы.)
Әр шетінен жатыр әне сығалап
Көрші ауданның орман, тары, арпасы,
Сол картаның ортасында «Кирзавод»,
Брынза ма, тағы сондай бір завод.                                     
Қатарында сүттің аппақ фермасы,                                  
Болмағы да малға соның бір жағы от.
Оң қабырға сурет: Ауыл торпағы,
Аттай құлын шалғын кешіп тұр тағы.
Қатарында өз күйінде әйнекте
Келешектің бидайы мен топырағы.
Өрге тартып қызыл, жасыл жолдарды,
Диаграмма санатады жылдарды:
Биылғы істі кере алмайсың шалқаймай,
Биыл жаңа бір биікке жыл барды.
                             II
...Көрсең міне, секретарьдың столы;
Календарьдың әрбір бет  іс толы:                 
«ГЭС-ке ағаш», «Партучеба», «МЖС»-
Жаза берген күндіз қолы, кеш қолы.                    
Қызыл жазу кейде әдемі жасады,
Кей күндері сөзді асығыс қосады...
Стол үсті қалың әйнек,
О да бір
Тұнық көлдей түбін саған тосады.
Мұнда тізім:
Қай орында кімдер жүр -
Секретарьдың кез алдында күллі өмір;            
Әр колхозға, мекемеге, заводқа
Еңкейіл ол үңіледі күнде бір
Түнде де ол осыларды қалайды:
Осыларға партияша қарайды;
Көп отырса, терезеге күн келіп,
Қызыл нәзік кірпіктерін қадайды.
Ол терезе шымылдығын түреді,
Кабинетте терең ойда жүреді;                         
Төрден Ленин шалашы мен Турухан
Өлкесінің лашығын да көреді.
Ол өзіне дегендей-ақ: «Серт, арың
Сонда туды, сол - жүрегің, сол - қаның!»
Күнде сөйтіп ол шығады алғашқы
Лашығынан, шалашынан ЦеКаның
                       III
Айтсақ әлі жақсы әңгіме мұнда бар -
Бір зеріжпей дәмін ұзақ сен татар;
Кешір, достым, мезгіл тығыз.
Айтпақшы,
Қайда кеткен мұнша асығыс секретарь?..              
Столында электр шам тұр өшпей;                       
Шайын суық қалдырыпты түк ішпей;
Жүз алтыншы беті ашылған роман;
Шылымын да сүйей салған түгеспей.
 
                          IV
Ауыз үйде бағанадан:
Алло! Үқ!
Ертең бюро. Қанша? Қазір жазалық...
Енді ғана тақылдамай машинка,
Көмекші қыз мүнда кірді - тазалық:
Бәрін жинап, бәрінен к,ол үзбеді:
Мұнда тағы артық не бар - іздеді
«Победа»'боп ашық көзі әйнектің
Саңқ етті де: «Орныңа бар, қыз»- деді.
 
                              V
Екеу келді.
Кең ашылды сыйлы есік.
Екеуара күледі де сөйлесіп:
-        Сонда?
-        Сөйтіп түйе міндік, мәз болды
Қыздарымыз. «Бұл не деген бой!»-десіп.
-        Иә, біздің көп болады түйеміз,
Барлық жүкті құмда соған үйеміз,
-        Білемін ғой. Кеше кеште қыздарға                 
Деп те қалдым: «Кеме менен түйе егіз».
-        Отырыңыз!-
Қонақ, алды қалпақты;
Қалпағында бұрынғы түс қалмапты.
Ол туралы еппен ғана күлісіп,
Екеуінің отырғаны салмақты.
                       VI
Қонақ көзі кұнығады жарға  әлі,-
Көңіл озып, келешекпен жолығады.
Білегін сәл түрінді де секретарь,
Телефонды құлағына жалғады.                  
-        Сельхозотдел, бастық керек...
Осы ма?
Айболовпын. Келші, жолдас Досова!-
Бітті әңгіме.
Жайраң қағып жай отыр
Айболов та, алдындағы досы да.
 
                        VII
Айболовты тану қажет жолықса:
Орта бойлы,
қараторы,
толықша,                                                         
Неше көрсең, өне бой жинақы.-
Бір кездегі ол бастаған полкша.
Қалың қабақ көтерілсе көріктей,
Өткір көзі от шашады зерікпей.
Үйдің, қабырғасы мағынасында.
Неше көрсең, баяғы бір қалпында,
Қою шашы құндыз қара бөріктей.
Бір әдеті - қасын кенет кереді,
Алыс қарап, ойлап қала береді!
Кейде тұрып, Карпат тауда оқ тиген
Оң аяғын сылтып біраз жүреді.
Қабылдаса, езі есікке келеді,
Қол береді, кездері сәл күледі:
Қалталарын, галстугін жөндейді,
Бәлкім сонда сенен де оны тіледің
Қабылдансаң, жас бол яки бол кәрі,-
Есеп емес,
Құртиет бүкіл алдары:
Жазбағанда, столының үстіне
Ошаң етіп бір шықпайды қолдары.
Сенің сөзің - кұй мал жайы, құй егін,
Қүй ағыттын, ойдын, езге тиегін -
Ол мезетте шытылмайды қабағы,
Жөнсіз күліп қақпайды да иегін.
 
                       VIII
Кешір, достым, тағы әңгіме бөлінді:
Ауыз үйге біреу келді - білінді.
- Мүмкін бе екен сізге, жолдас Айболов!
Апырау, мен танимын ғой бұл үнді?!
Айтқанымдай...
Алды ғажап көзімнің.
Тағы да бір ұшты оты сезімнің,-
«Біздің ауыл қызындағы» баяғы
Қарындасым осы екен ғой өзімнің!-                         
Гүлжаным ғой мынау ашқан есікті,
Түсім бе?
Жоқ, өңім менің өсітті...
Уа, жылдарым!
Өтіңдерші алдымнан!
Көрейінші қаншалықты өсіпті.
                IX
Өтті күндер отыратын                                   
Біздер бұрым, жеңін өлшеп
Сыйлап үнсіз ол тұратын,
Әрнені айтып көңілін бөлсек.
Ширатылған жасындағы
Орайын кім елемеді
Оң көзінің астындағы
Меңі де бір елең еді.
Ботысына тура түскен
Аяғын біз жырлап едік.
Тарағын да ыққа көшкен
Желге «дереу ұрла» дедік.
Өтті бәрі:
Ол күндері
Бұл маңайдан кетіп қапты..
Су екеш - су одан бері
Талай еріп, талай қатты....
Қанар ма едім мән-жайына,
Әңгімесін алмай үзіп!
Білер ме едім, маңдайына
Қетті нені жылдар сызып?!
Сұр костюм бұл киген шағы;                    
Неткен бойға жарасымды!
Толық дене өскен тағы,
Ана сынды, жар да сынды.
Омырауының шалқағында
Ұшқалы отыр ақ көгершін...                   
(Келер бәлкім сипағың да,
Сонда езіңді шақ бәгерсің...
Қос бұрымын жиып, іліп,
Төбесіне киіп апты;
Гүлдері сәл жиырылып
Орамалы кейін капты.
 
                    X
-        Танысыңыз, Долгин жолдас!
-        Иә, мен -
Бастығымын экспедицияның.
-        Әсем-ақ,- деп жымиғаны Гүлжанның -
Креслода құсындай бір ұяның.
«Сельхозотдел» бастығы мен - Досова.
Кешіріңіз, қалдыңыз ғой тосып, ә?
-        Жо...жо, рахмет, аз-кем күтсе несі бар?!
Түн ұйқысыз.
Жұмыс сәті осы да.                                                                       
 
                           XI
Долгин жолдас алды жинап денесін,
Екі бірдей тыңдаушысы төнгесін.
Сөз бастады, орамалмен сүртті де
Ақшыл мұртын, жалтыраған төбесін.
-        Сөз көп, бірақ, бірін таппай қалдым да...
He десем жөн достарымның алдында?..
Қөп жәйттен өзі әңгіме болмас па
Мынау ақ мұрт, мынау ақ сақалдың да?!                          
Филиалдан құмдарға да, шөлдерге
Дей шықпадық: «сусыныңды сен бер де!»
Ауыл, ғылым арасында ағысы,
Өзен келе жатыр бүгін сендерге!..
Сіз де, біз де - тұңғыш тірі толқыны!
Толтырармыз айтылмаған олқыны;
Орын керек, орынды сөз етелік,
Адамдарды қатты соқты жол күні.
                           XII
Құптап оны, деді Айболов:-Әлбетте!
Кәне, Гүлжан, кім бар еді ол бетте?
-        Поссовет бар, поссоветке айттым мен
Қонақ үйге жаңа кілем сал, деп те.
-        Есеп бұрын - жаңа кілем, төсекті...
Байқалықшы, бұл түн нені керсетті:
Қонақ үй не орталықта жата ма?-
Қосу керек «Май» колхозын - Көшекті.                       
Шапай... Шапай... Шапай несін бұлдайды,
Бүйтіп келер деп білмеді бұл жайды!-
Міне енді, ол ұйқыда, түн ояу...
Жолдас Гүлжан, ойланайық, болмайды!
Үй салынса, кірпіш кірмей қалмайды;                        
Мотор жүрсе, түгеседі жол майды...
Байқап тұрсақ, оңай ағар өзен жоқ...
Жолдас Гүлжан,
ойланайық,
болмайды