ВЕРНУТЬСЯ

Бастапқы сөз

            Атам бір қайтты дүниеден,            Бес жаста жетім қалдырды,            Басыма қайғы салдырды.            Анам көрді жесірлік,            Өзім көрдім жетімдік,            Сүйтіп басым қаңғырды.            Алты жаста еліктім,            Жеті жаста желіктім.            Сегіз жасқа келгенде,Бала болдым көрікті.Тоғыз жасқа келгенде,Қадір білер ағалар:"Шырағым, жүр!" – деп ерітті.Он төрт жасқа келгенде,Балалықты тастадым.Он бес жасқа келгенде,Таяқ алып қолыма,Қойымның түстім жолына.Табанға шарық байладым,Жұмысқа басты сайладым.Орынбор деген қалағаСергей деген көпестіңСеркелі қойын

Кедей жігітке айтқан ақылы

Қашаған ақынның өткір сықағынан молдалар мен билер өлердей қорқады екен. Осыны білетін бір кедей жігіт Қашағанға келіп:– Ақын аға, менің жалғыз атымды бай ауылының есер жігіттері тартып алды. Арыз айтып Аймағанбет биге барайын десем, ол әлгі зорлықшылардың ағайыны екен. Аймағанбет қайтсе де ағайынына бұратын кісі көрінеді. Атымды кәйтіп аламын, ақыл беріңізші, – дейді өтініп. Сонда Қашаған әлгі жігітке:– Шырағым, ныспың кім?

Байларға

Жауын жауып, көл толса,Көлде ойнайды құрбақа.Көл суалып, ортайса,Бір шұңқырға жиналып,Шоғырланып қуанар,Аспаннан жауын бір тамса.Байлардың бұл бір мысалы,Құрбақадай құрысар,Қолдарынан мал тайса.Тоңқаңдап намаз оқиды,Жасы жетіп, қартайса.Кейбір байды қарасаң,Қорасында мал толы,Үйінде ішер тағам жоқ,Тағам жоқтан жаман жоқ.Көре тұрып ішпеген,Рақатсыз көрген мал –Ұйқыда көрген түс деген.Кейбір байды қарасаң,Сақтайды тағам тұздамай.Мал соймайды мұздамай.Жарымайды тағамға,Қашан малы қоздамай.Кейбір байлар манаурап,Өтірік науқас тымаурап.Жарлыны көрсе мысқылдап,Көкесін сөзбен ысқылап,"Аузы қисық б

Есқали сұпыға айтқаны

(Домбыраны қорғағаны) Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің терістік шығысындағы Елпілдекті деген аралда оғырған ауылға келеді. Күн кешкіріп қалған соң, осы ауылға қонбақ болады. Әуелі малшы жігіттерге кезігеді. Олар: "Осы бір қонақжай үй", – деп Есқали сұпынікін сілтейді. Сұпы үйінің шықберместігін білетін олар қонақтардың бірі Қашаған екендігін сезіп, Есқалиды бір жерлеттіруді ойласа керек.

Страницы