ВЕРНУТЬСЯ

Домбыраның қақпағы

Қашаған тұзға түсіп келе жатып бір үйге кезігеді. Үй иесі әйелдің қонақтармен ісі болмапты. Ақынның серігі керегеге сүйеулі тұрған домбыраны алып береді. Сонда Қашаған айтыпты:Домбыраның қақпағы,Қарағайдан салулы,Көмейі шуда жіппен таңулы.Ермек үшін балаларға жасалған.Мұны неге тартсын Қашаған,Өзі тұздан шыққан аш адам!Со кезде әйел:– Ойбай-ай, жыршы қайнаға екен ғой, – деп кешірім сұрап, қонақасысын беріпті.

Мұстахқа

Мәсімнің өзі тарлау, қонышы қысқа,Саудалап алып едім асығыста.Болғанмен үсті тарлау, қонышы қысқа,Сипалап ұлтаны мен қонышын ұста.Мұстах-ау, өзің ақшаң түгел болса,Көпірмей, қарап отыр, көтің қыс та.

Қуаңдаған қу бисен

Жаяулық тауқыметін тартқан Қашаған тапқанын беріп, бір ат сатып алады. Саудагердің мақтап сатқан аты аяғын баспайтын шабан боп шығады. Сонда айтқаны:Қуаңдаған қу Бисен,Өтірікші су Бисен,Маған сатты бір атты,Шәртік қарын сұр атты.Қазанаттай қампитып,Түріменен тоқ қылды.Он бес күннің ішіндеҮш қамшымды жоқ қылды.

Қонақкәде жыры

                 IКейбір қызға қарасам,Алтыннан құйған асықтай,Күмістен құйған қасықтай.Кейбір қызға қарасам,Құбылған беті мақпалдай.Сымбатына қарасам,Солқылдаған жас талдай.Кейбір қызға қарасам,Тауға ойнаған бұлбұлдай,Қастары қама құндыздай,Көздері Шолпан жұлдыздай.Арманы болмас жігіттің,Алғаны болса сол қыздай.ІІЖиналып келген қатындар,Бір сөзім бар мақұлдар.Ер де туды қатыннан,Пір де туды қатыннан.Әулие мен әнбие,Небір тақтақ, бай, мырза,Батыр да туған қатыннан.Жадыратып қабақты,Жарқылдат сырға сабақты.Ән мен жырды айтайын,Қызыққа әбден батыңдар.                   IIIЖиналып отыр бұл жер

Бекес байға

            Бөріктері сопаңдап,            Мылтықтары шошаңдап,            Атқа мініп қоқаңдап,            Ауылыңа келсе әкім дос,            Әкімдер келсе, малың бос.            Сырттан тұрып ақырса,            "Шық бері!" деп шақырса,            Сасып қалып, қорқасың:            Семізің болса, сойғыштап,Кілем мен көрпе жайғыштап,Табағыңның ет салғанСалмақтап беріп ортасын.Соларға берген малыңнанБізге де берсең болмай ма?Біздей қарттан бата алып,Мырза жігіт атанып,Берейін деп ұмтылсаң,Қарыңды шайтан отыр ма қайтарып?Бермегсн бізге малыңдыБір бұтаның түбіндеҚасқыр жесе, көресің,Әкімдер алса

Страницы