ВЕРНУТЬСЯ

                 IКейбір қызға қарасам,Алтыннан құйған асықтай,Күмістен құйған қасықтай.Кейбір қызға қарасам,Құбылған беті мақпалдай.Сымбатына қарасам,Солқылдаған жас талдай.Кейбір қызға қарасам,Тауға ойнаған бұлбұлдай,Қастары қама құндыздай,Көздері Шолпан жұлдыздай.Арманы болмас жігіттің,Алғаны болса сол қыздай.ІІЖиналып келген қатындар,Бір сөзім бар мақұлдар.Ер де туды қатыннан,Пір де туды қатыннан.Әулие мен әнбие,Небір тақтақ, бай, мырза,Батыр да туған қатыннан.Жадыратып қабақты,Жарқылдат сырға сабақты.Ән мен жырды айтайын,Қызыққа әбден батыңдар.                   IIIЖиналып отыр бұл жергеБәйгіден келгсн керлерім.Аямадым сендерденМаңдайдың аққан терлерін.Ұйқы – жанның тынышы,Сөз – құлақтың құрышы.Қанша айтқанмен таусылмасТерме жырдың бұрышы.Айып етпе, аға-жеңгелер,Ат соғып келген жолаушы –Шаршап отыр мына жыршы.