ВЕРНУТЬСЯ

Кешегі байдың бірі жоқ,Толқыған дәулет малы жоқ.Бай баласы тіленші,Аш кісінің ары жоқ.Қыс күнде байдың сәні екенҮлекке салған келесі.Жаз күнде байдың сәні екенІрімшік, құрттың өресі.Төрт түлік малдың сәні екенТас астау салған дересі.Ауылдың о да сәні екенҚасында тұрса қара төбесі.Жиылар еді төбегеАқсақал, бидің кеңесі.Жағалай теңіз кепіренҚисапсыз түйе мал еді.Қабырғасы кемедей,Дулығасы биік төбедей,Төрт аяғы дередей,Кірпіктері жебедей,Түйесінің көркі нар еді.Құмырсқадай қой, жылқыКең бауыр жатқан сала еді.Кең кереге, сырлы уық,Келіншек пен қыз тіккенМырзалардың сәнді үйіАк төбедей бар еді.Есігі – көше, төрі базардай.Сәнді ауылдың сыртынанМолдалар айтқан азандай.Үстіне қонған қонаққаСырбаз сойып, май берген,Басытқысына қызыл күрең шай берген.Арасында сабаданАқ шұбат, қымыз жай берген.Шұрқыратып жылқы айдап,Өбістіріп құлын тай байлап,Жаксының түсіп жолына,Ізгіліктің еріп соңына.Ғарапа барып қажы еткен,Бес парызын ада еткенҒаниларым бар еді.Көбісі жұрттың кәсібі –Пітнеден болды нәсібі,Білмеймін заман нешігін?Бұгінгі адам намысыЛек-лек құсқа ұқсайды.Байланбағай еді, жарандар,Тәубе мен ынсап есігі.