ВЕРНУТЬСЯ

Сөйлей көр, тілім, көмейім,Біреуді алыс, біреуді жақын демейін,Кәнеки, жырды басталык,Орынсыз айтып аспалық.Ел аралап жүрген соң,Көріп жүрмін әр жерденНелер сараң қастаны.Мақтайтын еді елдеріҚосыбайдың Томпысын,Мырза деп қолын шашпалы.Кездескен жерден жапырып,Бос билік айтып сапырып,Мырзалық айта бастады.Көп сөзінің ішінде:"Ақ қошқарымды ал!" – деп тастады.Ертең тұрып қошқардыБеруге енді баспады.Түнде сойған қозысынҚапия сойған екем деп,Әбден қылды масқара.Сұрастырып қарасам,Қосыбайдың балдары,Миларын тесіп кұрт жегенСиқалы екен бастары.