ВЕРНУТЬСЯ

Ағасынан айрылып,Іні кеткенге ұқсайды.Тілінде бар жақсыныңДіні кеткенге ұксайды.Өтірік сөздер көбейіп,Шыны кеткен секілді.Әкімнен кетіп әділдік,Бай қайырсыз секілді,Бай бермеске бекінді.Қатындардың ұятын,Қыз-жігіттің ибасынШайтан алған секілді.Байлар жұтқа жолықса,Пақырды қуып қорлаған,Зілден тапқан секілді.Батыр оққа жолықса,Аруағы кеткен секілді."Сөйлес" десе бір қонақ,Үйде отырып "жоқ" десе,Сусын, тағам сұраса,Бар да болса "жоқ" десе,Итін қосып "құйт" десе,Тыным тапқан секілді.Байрақты палуан жығылса,Өз көкірегін зорсынып,Кеудесі кепкен секілді.Көбісі жұрттың осы күнХарамға басты қадамды.Жан екен тіпті демедіБайлар жарлы адамды.Тап болмай қайтсін ғаламат,Ойлағаны арам-ды.Әндіжанның шәһәріндейКетпегей дағы еді жер ауып.Ай менен күн қауысып,Күн орнынан ауысып,Қаңбақтай қара жер зыңырап,Болмағай дағы еді бір қауіп.