ВЕРНУТЬСЯ

Қашағанның Оразалы деген бай ағайыны болыпты. Ол ақынға қараспаған екен. Сонда ақын байды шенеп былай депті:Оразалы байым бар,Тозған тоқпақ бастанған,Қазанқабын жастанған.Шарыққа бауды тағуын,Кіш-кіштеп қойды бағуын,Қой шетіне төсеніпТүйенің шоқпыт жабуын,Қойды қорғап қасқырдан,Қолына таяқ алуын,Қырық күн шілде ішінде,Қара ұннан көже ашытып,Балқара деп қануын –Қарашы, біздің шіркін байШаруаның құлқын табуын!Құдықтың аузын күзетіп,Ор, дересін түзетіп,Бет терісін түлетіп,Төбесінен күн өтіп,Шыбын жанын пида етіп,Шаруаға жанды жүдетіпЖүргенде, кетпесе игі едіБіздің аршыланға* тіл өтіп.________________               *Арыстан.