ВЕРНУТЬСЯ

                Дастан                     1.           Ноғайлының елінде,           Үшқиянның* жерінде,           Асанқайғы бас болып,           Қайғыменен өтсе де,           Нарынды тастап кетсе де,           Құтты екен бұл қоныс:           Баққан қойы бүркіттей,           Дулығасы үйген іскірттей.           Кәрі биесі жал алған,           Нарлары семіз қом алған,           Кәрі саулығы шайлаған,           Еркек қой мен тоқтысын                       Шаруасы ерте байлаған.                _______________________               *Еділ, Жайық, Маңғыстау аймағы.           Ерлері бар еді егескен,           Дұшпанымен шенескен.           Абыройы асқардай,           Не жақсымен теңескен.           Құбарлан* ертіп, құс салған           Лашын, сұңқар ұстаған.           Елеуретіп екі жүйрік жетектеп,           Сулығын алтын бедерменен кердірткен,           Жалын сабау тіспен тердірткен.           Мынау Еділ мен Жайық, Жем екен,           Бұл жетімдерге жем екен.           Шөбі малға май болар,           Аш-арыққа жай болар.       ______________________       *Құбарлан – құмай тазы.           Қашаннан да бұл қоныс           Құтты болған жер екен.           Өзегі де қайырлы,           Аш-арығы сүйреп жейді екен           Бекіре менен жайынды.           Балқашын орып мал жеген,           Аралас үйрек-қаз жеген.           Малының жақын өрісі,           Құлынның ұзын желісі.           Еділ мен Жайық, Нарынның           Осылай екен келісі.                    2.                    Және бір жайды айтайын:           Ноғайлының елінде,           Үшқияның жерінде,           Еділ мен Жайық кеңінде           Талай хандар шалқыған,           Шалқыған хандар алқынған.           Едіге ерді кем көріп,           Тоқтамыс елі шарпылған.           Басында бақыт тұрғанда,           Кәпірдің жұрты қорықты           Орақ, Мамай даңқынан.            Алшы, Смайыл, Қалусарыдан –Бақыт бұлардан да арылған.Патшалар да ауған тағынан,Мыңғырған малды байлардыңҚоңсысы кеткен жанынан.Батырлар да өтті аруақтыҚанжығасы қанға малынған,Берік сауытын жамылған,Дұшпаннан кегі алынған.Он сан ноғайлыны басқарып,Телағыс, Орақ, Мамай, Асанқайғы атам –Олар да кеткен екен ғойМынау көлденең жатқан Нарыннан.Мынау бір өткен уақиға,Бұдан да хабар берейін:Тайшық ханның елі толғанда,Тай тулап талқан болғанда,Орманбет ханның елі толғанда,О да келіп бір күні,Тай тулап талқан болғанда,Бір кұтырған құртқа жолықты,Орманбет хан сол кездеҚайтерін білмей торықты.Бүлдіруге көп елдіСол құрт себеп болыпты.Арша деген ағашқаБір бозторғай келіп қоныпты.Сол ағаштың бойынанҚұтырған құртты кағып жеп,Құтырып торғай шырлайды,Көкке қарай зырлайды,Қанатын сілтеп пырлайды.Өзінен зордан қаша алмай,Жүрегін торғай баса алмай,Шарықтап жүрген бүркіткеШапқан екен торғай тайсалмай.Оқиға бұрын болған көп,Ойласаң, шығар түрлі кеп.Қара бүркіт кұтырды,Әлгі бозторғайды қағып жеп.Құтырып бүркіт желденді,Еділге қарай еңменді.Ұлы Еділдің бойындаЖүзіп жүрген нән балық,Салған екен соған шеңгелді.Нән балық жанын қарманды,Желігіп келген бүркіттіЖұтып салып, жалманды.Бір шай ішім мұрсат болмады,Нән балық та құтырып,Суға сыймай сандалды.Желігіп балық сандалып,Жағаға шықты қайырлап, –Қайырлап жатқан балықтыСу жағалап қыдырғанКөрген екен батыр Сайынжап.Балықты жеді елі алып,Жеген елдер құтырып,Біреулерді біреу жеп,Азайған сөйтіп көп халық.                3.Бұл қоныста көп едіТалай бір толып шалқыған.Жем аяғы пайда деп,Келуші бұл жергеМал іздеген талапкерЫрғыз бенен Торғайдан,Қара өзен мен Сары өзен,Ішкі орданың халқынан,Хиуаның түрікпен, сартынан,Пайдалы деген даңқынан.Қайтушы еді еліне,Мекен еткен жеріне,Амал* жұлдызын атқарып,Ақшаға жаны толулы,Әбден жолы болулы,Азаматтары мақтанып,Келгені жаяу аттанып,Көңілдері шаттанып.Жем аяғы бұл күндеТолығып еді мал айдап,Төрт түлік дәулет – қара айдап._________________________*Март айы.Сарытау*, Самар, ҚазаннанТалапқа келген саудагер,Бұ да көкке қарады,Қазына жинап сарайлап."Сахараның елі шашық, – деп, –Баруға алыс, қашық, – деп, –Шаңды аяқ елге бармалық,Келе алмаспыз асып",– деп,Кемітуші еді жек көріпҚой бақканды корлық деп,Наданның сөзі зорлық депСахараның елін көшпелі.Бүгін де бұлар талаптанАқша тапты есептеп.____________________________*Сарытау – Саратов қаласы.Мамықтан жақсы төсек деп,Тасқандардан сөз шықты,Сиырдан жақсы есек деп.Көп болды сондай тасқандар,Әлдерін білмей асқандар.Пиғылынан солардың,Қабыса жаздады аспан, жер.Тәкаппарлар көп еді,Төгілуге, сірә, дөп еді.Бұл арада мал тапқанБір шүкірлік қылмады.Бір азамат ерде дәулет кем болса.Қабаннан жаман ҚарынбайЖан екен деп оны білмеді,Көзіне тіпті ілмеді.Мінейін деп, базарданЖүз теңгеге ат алды.Киейін деп, базарданҚызыл күрең зат алды.Ауылдағы қатындарӨзі барып, базарданҚымбатына мата алды.Қара бешпент, ақ көйлек"Мынау кімнің қатыны" атанды.Сахарадан ауылы көшкенде,Сиырға жүгі сыймаған,Арқалап жанын қинаған,Бұл уақыттар болғанда,Кәрі қоспақты мал демей,Түзеді нармен қатарды.Күрпішатқа ұнмененБолмаса егер первый чай,Третий астық, кантон чай,Арам астай жиреніп,Аузына зорға апарды.Сорпаны төкті майменен,Сусыны қанып шайменен.Қалаға келген билеріАрақ ішіп елірді,Кеудесі бұған семірді.Папиросы шегулі,Тиіссіз жерге дәулет төгулі.Етпеді шүкір қанағат,Тап болмай кайтсін ғаламат.Қайыры жоқ кілең қаста бай,Айдаған малға қуанып,Қой, қозыға жұбанып,Қалалы жерде мырзасыҚос арғымақ пар жегіп,Тарантас арба туарып,Кәршөндікке қамалып,ІІІалқыды талай мас болып,Нәпсісін шайға суарып.Нешелер дариямын дегенніңТалайы қалды енді суалып.                    4.Құтырынған бір құйынКетірді-ау жаман ел күйін.Қара дауыл соқты да,Үй қирады бесінде.Келер деп мұндай уақиғаБолмады жұрттың есінде.Ғаламат болды айтқандайЖұманың ақшам кешінде.Таудан биік сеңдердіБұлтпен бірге көшірді.Адамның алды жатқанда,Кез ұйқыға батқанда,Терезеден су күйды,Биіктен келіп сең үйді.Қызылды-жасыл су жүрді.Сұрапылдың желі зулады,Зілмәнкенің үстіненҰлтарақтай қара жер таппай,Қол ұстасып жұрт шулады.Садақа айтты сасқанда-ай,Зілмәнкенің басынанМұз жапырып асқанда-ай.Мылтықтың атқан оғынанБір де осал тимеді,Құтылмады қашқандар.Екпінмен мұздар соққанда,Кәршөндіктегі мастардыңКеудесі кетіп, бас қалды.Түкірігі жерге түспегенТәкаппарлар мұзды жастанды."От ішінде сақта" деген сөзҚайсысын аман сақтады?!Ғаламат мұндай болған соң,Таңертең тұрып қараса,Кейбіреу жетім жас қалды,Талайлар мұзды жастанды.Біреулер қалды атасыз,Біреулер қалды анасыз,Біреулер қалды баласыз,Біреулер қалды жалғыз қарасыз.Аюдан мықты білекті,Қабыландай батыр жүректі,Кесті деп Алла тілекті,Ел айрылды ерінен,Сөзіменен дем берген,Адасқанға жөн берген,Ақылгөй абзал көлінен.Кербездер кетті керілген,Бір басуға ерінген.Пір параны мұз алды,Біреулердің белі сынып майрылды,Біреулердің қанаты сынып қайрылды,Бір атадан біреулерЖалғыз қалып, қайғырды.Талай кетті бозбала,Талай сұлу қызғалдақ,Талайдың кетті әсемі.Таспағанга тасқанныңБұ да тиген әсері.Қырғауылдай қызыл нар,Алшаңдаған асаулар,Азбарда тұрып жем жеген,Аяғын әсем сермеген,Кербездер мінген ат кетті.Байлардың жиған тырнақтап,Сарала деңмент қылып бау,Мұра деп салған зат кетті.Әкімдер кетті мөр алған,Бақытпен байтақ ел алған.Білдірмей келген апаттыҚайсысы соның көре алған?!Қайыры болсын артына,Талайлар солай жоғалған.Ғаламат болды айтқандай,Әркім қалды татырап*.Уақиға болды қауыста,Алдында өтті ақырап._______________________*Сасып қалу.Бәйтеректер жығылды,Төгілді суға жапырақ.Бір параны мұз алды,Бір параны жел алды.Аяулы талай жандардыңИт пенен қасқыр жеп,Кеуделері қызарды.Бір атадан жүзден көп,Бір атадан мыңнан көп,Көме алмай, жерде тоң қалың,Арбамен үйді сатылап.Ғаламат мұндай тұс болды,Алтындар азып мыс болды.Әлпештеген арудыңКеудесіне қара құс қонды.Ғаламат болған күн болды,Көз көрмейтін буалдырҚараңғы тұман түн болды.Орыстың баржа кемесі,Мықтап қаққан шегесіБір соққанда дауыл күл болды.Су тасқыны тау болды,Таудай толқын жау болды.Соққан желдер күш болды,Мұндай заман түс болды.Түн ортасы болғанда,Желдің түбі бұрылған,Бәлеге қашқан ұрынғанМалынан пайда көрмегенҚанағатсыз Қарынбай,Барын жоқ деп құрынған.Жұлдызды жатқа санасақ,Қисап етіп қарасақ,"Мың тасқанға – бір тосқын"Бар емес пе еді бұрыннан?!Кейіндегі бозбалалар,Налымаңыз, шырағым,Күндердің күні болғанда,Көк дария көл болса,Бай мен жарлы тең болса,Суда – балық, қырда – егін,Бәле-бәтер жоқ болса,Диқаншылық көп болса,Талаптың күші сел болып,Кетерсіз дағы ел болып.