ВЕРНУТЬСЯ

            Бөріктері сопаңдап,            Мылтықтары шошаңдап,            Атқа мініп қоқаңдап,            Ауылыңа келсе әкім дос,            Әкімдер келсе, малың бос.            Сырттан тұрып ақырса,            "Шық бері!" деп шақырса,            Сасып қалып, қорқасың:            Семізің болса, сойғыштап,Кілем мен көрпе жайғыштап,Табағыңның ет салғанСалмақтап беріп ортасын.Соларға берген малыңнанБізге де берсең болмай ма?Біздей қарттан бата алып,Мырза жігіт атанып,Берейін деп ұмтылсаң,Қарыңды шайтан отыр ма қайтарып?Бермегсн бізге малыңдыБір бұтаның түбіндеҚасқыр жесе, көресің,Әкімдер алса, көнесің.Қара түннің ішіндеҚойға шапқан бөрідейЖоқ па едің, Бекес бай, өзіңБерші сөздің төресін?Мақтанғанға сыртыңнан,Көрейін деп келіп ем,Қандай деп інім Бекесті.Айдаған малға мас болған,Кедейлермен қас болған,Біртүрлі неме екенсің,Ақылың жарым – екі есті.