ВЕРНУТЬСЯ

Жұттан кейін

Кешегі байдың бірі жоқ,Толқыған дәулет малы жоқ.Бай баласы тіленші,Аш кісінің ары жоқ.Қыс күнде байдың сәні екенҮлекке салған келесі.Жаз күнде байдың сәні екенІрімшік, құрттың өресі.Төрт түлік малдың сәні екенТас астау салған дересі.Ауылдың о да сәні екенҚасында тұрса қара төбесі.Жиылар еді төбегеАқсақал, бидің кеңесі.Жағалай теңіз кепіренҚисапсыз түйе мал еді.Қабырғасы кемедей,Дулығасы биік төбедей,Төрт аяғы дередей,Кірпіктері жебедей,Түйесінің көркі нар еді.Құмырсқадай қой, жылқыКең бауыр жатқан сала еді.Кең кереге, сырлы уық,Келіншек пен қыз тіккенМырзалардың сәнді үйіАк төбедей бар еді.

Жетпіс беске келгенде

Жетпіс беске келгендеҚұртады екен әліңді,Сорып алады екен қаныңды,Кім көріпті мұндай залымды?!Жетпіс беске келгендеӘл кетеді екен жағыңнан.Жиырма бес, отыз күніңдеӨз денең өзіңе тура бағынған.Дөнбекшисің түн бойы,Жамбасыңа жай таппай.Бұл өмірдің жұмағы,Жігіттік, кеттің қай жаққа-ай?!Көңілің келмес көнгісі,Жетпіс бес бірақ тыңдай ма?!Сыбырласып, сыңқылдап,Баяғы күліп-ойнайтын күн кайда?

Замана халі

Ағасынан айрылып,Іні кеткенге ұқсайды.Тілінде бар жақсыныңДіні кеткенге ұксайды.Өтірік сөздер көбейіп,Шыны кеткен секілді.Әкімнен кетіп әділдік,Бай қайырсыз секілді,Бай бермеске бекінді.Қатындардың ұятын,Қыз-жігіттің ибасынШайтан алған секілді.Байлар жұтқа жолықса,Пақырды қуып қорлаған,Зілден тапқан секілді.Батыр оққа жолықса,Аруағы кеткен секілді."Сөйлес" десе бір қонақ,Үйде отырып "жоқ" десе,Сусын, тағам сұраса,Бар да болса "жоқ" десе,Итін қосып "құйт" десе,Тыным тапқан секілді.Байрақты палуан жығылса,Өз көкірегін зорсынып,Кеудесі кепкен секілді.Көбісі жұрттың осы күнХарамға басты қадамды

Көптілеу байға айтқаны

Кешке келді КөптілеуҚораға келген қойымен.Жата кетті жантайып,Ас ішпеген бойымен:Үлкен қойды анам деп,Кіші қойды балам деп,Бұл қой кетсе алдымнан,Мұнан қайтып қалам деп.Бай үйіне қарасам,Қол жуатын кұман жоқ,Кұман жоқ үйде иман жоқ.Таңертең тұрып КөптілеуІше берді айранын,Беті-қолын жуған жоқ. 

Страницы