ВЕРНУТЬСЯ

Томпы байды тілдеуі

Сөйлей көр, тілім, көмейім,Біреуді алыс, біреуді жақын демейін,Кәнеки, жырды басталык,Орынсыз айтып аспалық.Ел аралап жүрген соң,Көріп жүрмін әр жерденНелер сараң қастаны.Мақтайтын еді елдеріҚосыбайдың Томпысын,Мырза деп қолын шашпалы.Кездескен жерден жапырып,Бос билік айтып сапырып,Мырзалық айта бастады.Көп сөзінің ішінде:"Ақ қошқарымды ал!" – деп тастады.Ертең тұрып қошқардыБеруге енді баспады.Түнде сойған қозысынҚапия сойған екем деп,Әбден қылды масқара.Сұрастырып қарасам,Қосыбайдың балдары,Миларын тесіп кұрт жегенСиқалы екен бастары.

Көбентайдың мұрынқұл

Қашаған бірде Мұрынқұл байдың ауылына келеді. Ауыл-аймақ жиналып, жыр айтқызады. Түн бойы жырлаған ақынға сараң бай шай-су да бермейді. Сонда Қашаған байды былай деп састырыпты:Көбентайдың Мұрынқұл,Бүгін емес, бұрынғың.Мырза емесіңді білемін,Таң атқанша жыр айттым,Аз да болса, ырым қыл.  

Тойбастар

Жиналып, халқым, құралсаң,Сөйле деп бізге ұйғарсаң,Бұл тойдың көркін айтайын:Той болады дегенненХалыққа хабар таратқан.Ат жүйрігін жаратқан,Әшекейлеп, жасантып,Отау тігіп, от жаққан,Байрақты тігіп, ат шапқан.Жыршысы болса – жырлатып,Аламан басын құралтып,Жақсыларға тыңдатқан,Тартысы болса – тартысып,Өлеңі болса – айтысып,Бұ да тәуір боладыҚыз-жігітке түн қатқан.Ата-ананың хақы бар дейдіСүт ақы мен ілуде.Тартыс деген тамаша,Шығарған қазақ баласыТек бір ойнап-күлуге.Жиналған топтың кұралы,           Жыршыдан өнер сұрадың.           Сұрағандарың сөз болса,Қалағандарың біз болса,Қандырайын көпт

Страницы