ВЕРНУТЬСЯ

Ассалаумағалейкум!

Ұрпағын аялайтын,Сұңқарын саралайтын.Ер үшін туған ерлер,Жақсыны жағалайтын.Алланың нұры жаусын-Ассалаумағалейкум! Күнәсіз баладай, кім?-Бақытын табады айқын!Кетер мұң құстай ұшып,Жанарын қамамай түн.Алланың нұры жаусын-Ассалаумағалейкум! Арамды қаламайтын,Адалды бағалайтын-Жаныңа, төге бергей,Сәулесін саған ай, күн!Алланың нұры жаусын-Ассалаумағалейкум!Ассалаумағалейкум!                                            ***                    Шіркін, қандай аспаным тұнық еді,                   Көтеріп ап сүйеді күні мені.                   Сымбатымен сиқырлап сұлу дүние,                   Жанарым

Қарт қадірі

Көбі кетсе де ғұмырдың, азы ғап әр күн,Өлерін ойлап өксімес, қазына қартым.Жайсаң жаныңды жалтақсыз теңесем болар..Табиғатымның тамаша жазы ма, қалпың!? Бір үйдің емес, жүруші ең алаш қамында,Қараңғы қашып, пердесін таң ашқанында.Талма аурудай ұйықтайтын тал түске дейін,Ақылын енді кім айтар адасқан ұлға?! Қорғаныш қалқан сияқты қариям барда,Соғып жататын дүрілдеп дариям жарға!Қадірін қарттың тірлікте кеш ұғып келген,«Сақалды жетім» жандардың бәрі де арманда. Бір ауыз сөзің білгенге маржандай дер ем, жазып қалдым, үзілді жалғанбай                                               өлең...Маңдайғ

Мұқағалидың хаты

Тұрып едім өзіңмен хат алысып,Еске түссе, жанарда жатады шық.Жұмбақ сырлы жырменен жолыққанмын,Үмітім мен күдігім қатар ұшып. Құшағына қысқандай елжіреп күн,Шаттығына бөлендім мен жүректің.Ақындығым барлығын айтып аға,Үмітімді үкідей желбіреттің! Жазып келем мен әлі, жаз деп едің,Жаным, сірә, осыған мәз бе менің?Қинайтыны – қаншасы ғұмыр кешер,Айтып берер ақтарып, аз ба өлеңім?! Жыр-тұлпарың заулайды, тағасы аман,Әлі күнге тәнтімін, аға, саған!Суырып ап кітапты сөредегі,Жырыңды оқып толқиды бала-шағам.Сайрап жатыр соқпақтай санамда өлең,Сен сияқты сырласам даламменен.Сақтап келем хатыңды ки

Еркіндік

Өзіңізге тиді міне еркіңіз,Қуаныштың шарабынан ішкен көп.«Еркіндік!» деп, аспанға атқан бөркіміз,Ұшып кеткен, әлі жерге түскен жоқ! Иә, жерге түсіре алмай әуреміз,Қарап тұрмын аң-таң қалып мен енді.Білдірерін білмейміз бе, әлде, біз,«Қазақ» сөзі – «еркін адам» дегенді!? Білесің бе, қалды әнеки боқтықта,Бодандықтың буындырған ноқтасы.«Оразаң да, намазың да – тоқтықта»,Ой дүрбісін салайық бір, тоқташы... Жасқану ма?

Страницы