ВЕРНУТЬСЯ

Құлық

Жарыстық омырауға ап желдің өтін,Аңызды ақиқат қып ел білетін.Құлықты кім көп жақса табанына,Сол жүйрік болады деп сендіретін. Шаттандым озатындай Құлагерден,Тапқанмын құлық інін құба белден:Жымиып құрбы қыздың күлгендегіШұңқырдай ақ бетіне шыға келген. Желаяқ боламын деп жаңсақ ұғып,Шағылды шарладық-ау сан сабылып.Қиялшыл өңшең қара сирақтардың,Қалды екен «сауабына» қанша құлық! Еске алып күліп қоям анда-санда,Ыстықсың сол балалық шақ қашанда....Жүгіртіп қояды екен қайран өмір,Құлықты табаныңа жақпасаң да...

Мен - көшпендімін

Апыр-ау, қалай тынам, тоқталамын,Көшпендімін, көшпенді боп қаламын!Асау қаным арындап арғымақтай,Ей, дүние,Мен саған көп қарадым! Ырғалады  үлбіреп  өскен  гүлім,Бүр жарады өлең боп кешкен күнім.Жүрегімнен сезім мен ойға оранып,Ақ қағаздың бетіне көшкен жырым. Бала бүркіт биікте көрінеді,Шүйіледі, білмеймін нені іледі?Түйдек-түйдек сырғыған көктегі бұлт –Түйелердің шұбырған керуені. Ақша бұлттар бұлқынып ағылады,Сері самал сыр айтып сабылады.Кеңістікте осынау кереметтей,Кезіп кеткен жоқ іздеп – бәрі,  бәрі.Көшпендіміз, сірә кем неміз, баба?Қозғалыста аспан да,Теңіз,Дала...Жүйрік жел мен жүй

Үш атты күйме

Шақтарда шабыт билеген,Түсіріп ғажап күйге өлең.Ұшыртып бара жатамын,Үш атты жеккен күймемен. Қосылып өмір көшіне,Жүйткимін желдей есіле.Ақ ұлпа қардың тозаңын,Көтеріп аспан төсіне. Шарладым, алға құлшынып,Шалғайын жердің қусырып.Тұлпарлар шапты, фтанауданБудақ та будақ бу шығып. Арайлы бір нұр төгілді-ай,Белестер аттың жонындай.Із қалып жатты соңымда,Өлеңнің егіз жолындай...Сынақ тұр күтіп сан алда,Құштарлық шөлі қанар ма?!Дариға әлем сымбатты,Тұрды ғой жайнап жанарда. ...Күлмегін достым, күлмегін,Ат жегіп, күйме мінбедім.Пегасқа қонған сәттегі,Қиялым еді бұл менің. Самғайды өмір биіктен,К

Сәбиден қашқан сұлу

                  (Баллада)Қарттар сені қылсам деді келінім,Жастар, сірә,  болса дейтін серігім.Кердеңдедің ешкімді де көзге ілмей,Көргендердің жаулап алдың көңілін. Сылаңдаған сұлу едің, бір керім,Қызық қуып, өтіп жатты күндерің.Уайымның уын ішті ата-анаң,Күндіз ұйықтап, түнде жортып жүргенің. Көп құрбылар қылғанымен сені ұмыт,«Семірген бе, мына сұлу?» - деді жұрт.Қапелімде қалды аяғың ауырлап,Қапаландың жеп жатқандай жегі құрт. Бәрі ғайып, саған деген «ғашықтың»,Жүрген бірақ сенде жоқсың жасып тым.Азаппенен босандың да құпия,Нәрестеден құтылғанша асықтың. Баланы емес, ойладың тек бас қамы

Құйын

Ұршықтай зырлап билеген,Көтеріп шаңды жел кенет.Самарқаулықты сүймеген,Келеді құйын дөңгелеп. Бейғамдау жатқан бұйығып,Оянды дала оқыстан.Дауылды желі үйіріп,Тазартты жолын қоқыстан. Сыпырып бәрін сырғыды-ай,Арқандай бейне есіле.Барады бойлап бұрғыдай,Көгілжім көктің төсіне. Құйынды даттау обал-ды,Жанына жат қой жалтаңдық.Аспанға сіңіп жоғалды,Айнала маңды аң-таң қып! Сыр түйдім құйын тірліктен,Жанарым алды жалқын нұр:Жердегі қулық-сұмдықпен,Арбасып өтер ақын тұр!                   ***Жан-жаққа құстар тарады,Керуен тартып қаз-қатар.Жылы жақ іздеп барады,Тіршілік отын маздатар. Ұшумен жүрді

Страницы