ВЕРНУТЬСЯ

Бағзы Маңғыстау

Қараймын да дидарына даламның,Көне мекен, өзіңді ойлап алаңмын.Ақ қағазға ақтаратын сырларым,Ұшында тұр үн қатқалы, қаламның... Орман жырдың ордасындай кең далам,Толғандырдың, шабыт сыйлап сен маған!Ұран отын лаулатқан Отпан тау,Шамырқанып, мынау жатқан Шерқалам... Батыр мүсін тұрпатын-ай тасының,Жатырмысын, жұмбақ жайлап жасырын?!Қазыналы, қасиетті Қаратау,Ақтау анау, ақ маржандай асылым. Жиһанкездің, дала шарлап шыққалы,Ұлы жерден ұшан теңіз ұққаны.Маңдайында – күннің табы, от-жалын,Таңдайында – уылжыған тұт дәмі.Тыным таппай тірлік шіркін күнде-күн,Жүгіреді бойыменен жүлгенің.Көлеңкелер

Жүрек сыры

                (Дәржанға)Апа, саған сыр айтам, мұң шағынам,Бір ананың шығып ек құрсағынан.Басқа ұяға қонсаң да, бауыр жайлыТас қияда тербеліп тұрса бір ән. Келіп тұршы қыс демей, күзің демей,Үміт жібі арада үзілмегей.Аялаған  аяулы  ата-ананы,Еске алайық бір сәтке біз үндемей. Еске алайық, апатай, бәрін-бәрін,Сені күтіп жетеді сарылғаным.Құт дарыған киелі шаңырақта,Көлін құшқан аққудай дамылдағын. Жайдары жүз мейрімді, жаның ізгі,Баурап алсын туыстық әні бізді.Жадымызда сақталған сүрлеуменен,Шарлайықшы балалық шағымызды. Шүкір дейік, жеткізді бүгінге арман,Қос жанармыз – бір қыз бен бір ұл

Балалық пен даналық

Талайға таңсық, таңмын ба?Жетпегем  жасқа жөн білер.Бүкшиіп белі, алдымдаТұратын, сұрау белгілер! Сүрінбес жерде, сүрініп,Қысылмас жерде қысылдым.Содан соң барып сыр ұғып,Содан соң танып, түсіндім. Жамандық деген немене?Жақсылық қандай, жағымды.Мөрлерін басты өреме,Көргенім ашты – танымды. Қатем бар қанша, қарашы,Ағалық жаста ұғындым.Аспан мен жердей арасы,Кешегің менен бүгіннің.Есейіп ерте, сездің бе,Біреулер бәлкім, кеш ұқты?!Даналық келген мезгілде,Балалық ашқан есікті! Тұрсыншы күліп баладай,Қоңырау үнді, сол күнің!Артыңа жүрме қарамай,Танымас қыздай төркінін. Жүрсем де толғап тереңнен,

Наз

                  (Жадыраға)Махаббат деген бір ғажап өмір деседі,Гүлдеді жаным, кенеттен көрдім де сені.Шағала сезім шарқ ұрып самғады саған,Қайтпасын, қалқам, ынтыққан көңіл меселі. Самалды қырдың саумалдай сабатын жұтып,Елестеп көзге,  кездерің алатын күтіп.Ақ бұлақтай асығып теңізге құяр,Таушықтан ылғи жетемін тағатым бітіп. Құшағына алса аялы жанарың күлген,Бейкүнә уыз бейнеңді саламын жырмен.Жаңбырсыз өткен жаздарым жабырқатса да,Ағыл да тегіл нөсердің жауарын білгем. Жауарын білгем, сенгенмін уақытқа анық,Жүрсем де талай адасқан бақытқа налып.Мойылдай бейне, мөп-мөлдір шыққа малынған,

Страницы