ВЕРНУТЬСЯ

                  (Жадыраға)Махаббат деген бір ғажап өмір деседі,Гүлдеді жаным, кенеттен көрдім де сені.Шағала сезім шарқ ұрып самғады саған,Қайтпасын, қалқам, ынтыққан көңіл меселі. Самалды қырдың саумалдай сабатын жұтып,Елестеп көзге,  кездерің алатын күтіп.Ақ бұлақтай асығып теңізге құяр,Таушықтан ылғи жетемін тағатым бітіп. Құшағына алса аялы жанарың күлген,Бейкүнә уыз бейнеңді саламын жырмен.Жаңбырсыз өткен жаздарым жабырқатса да,Ағыл да тегіл нөсердің жауарын білгем. Жауарын білгем, сенгенмін уақытқа анық,Жүрсем де талай адасқан бақытқа налып.Мойылдай бейне, мөп-мөлдір шыққа малынған,Тебіреністен жанарды жақұтқа малып. Қол созып күнге келешек құлшынасың ба,Тіршілік өзен толқыны тыншымасын да.Білегіңді емес, сәулем-ау, жүрегіңді ұсын,Мәңгілік менің жарым бол, жүрші қасымда!           Қапыға барып қайтайық...Жадыра жинал, қайтайық Қапыға барып,Қыдырмай өткен көп күннің қақын алалық.Көктемге ғашық болып біз қаншама күттік,Сезім сабасын сұлулық сапырары анық. Тәнті қылады көзді үйіріп, таңсық үйлесім,Көктем  көрікті-ау, гүл тәжін алшы кигесін!...Құлдыраңдаған қарашы кішкентайыма,Салқындап қалар, Гүлназдың салшы түймесін Болыңдар енді, шақыршы балалар қайда?Жол қапшықтарын жинақтап, ала бармай ма.Жотасын тосып күткендей, бейне бір бізді,Көсіліп жатқан Қаратау, қара нардай ма!?.... Бұйығылыққа жүргенмін, беу, неге көніп,Желпінейінші ,жібектей желге бөленіп.Көңіл көншітпей, кеткелі көп болып еді-ау,Қонақтар ма екен жыр құсы кеудеме келіп.Ұмытып бір сәт, талақ қып өмір күйбеңін,Жандарым менің, шадыман көңіл-күйге енің!Қойып кетемін, Қапының  құшағына анау,Қанат бітіріп қиялға,көгілдір көгім. Қалғандай мынау Қапыға арбалып аспан,Аңыз боп жеткен бүгінге, аңғары-дастан.Бабалар қашап түсірген жұмбақ жазуды,Балалар көрсін,сыр тартып таңбалы тастан. Киелі жерге, көпшілік атына қанық,Қаншама мезгіл, құдай-ау, қатынамадық.Жыңғылы бүрлеп,жайқалап тұрған-ақ шығар,Жадыра жинал, қайталық Қапыға барып.....                           ***Кездестік те, үйленгенбіз ұнатып,Тағдыр-тылсым толқынындай теңіздің.Жаным жылап қалған шақта,жұбатып,Менің сәби сезімімді еміздің. Болмысымды  бес саусақтай білер-Сен,Күлгенімде, өңің жайнап гүлдеді.Соқыр тұман сияқтанып түнерсем,Шамшырақ боп шақырасың түндегі. Ұямызда келеді өсіп ұл-қыздар,Жеріміз жоқ олар үшін аянған.Біздік аспан төсіндегі жұлдыздар-Әрқайсысы бір-бір арман, аяулы ән. Жаным менің-шырылдаған бозторғай,Жүреді ұшып,тек солардың үстінде.“Оқың” деймін, абыз сынды сөз толғай,Өкінбеймін, өтіп кеткен: түс-күнге.Білем, көңіл-күй де сондай сендегі,Киіп алған қиындықтың қамытын.Еш нәрсемен өлшенбейтін еңбегі,Анасың  ғой, бала сүю-бақытың. Бірін-бірі үнсіз ұғу-ұлылық,Адалдықтың мұрат қылып жүр шынын.Жанарыңның шуағына жылынып,Көкіректе жырым жарды бүршігін. Тек сенімде, бұл өмірдің бағасы,Сонда ғана көңіл шіркін бірленбек.Керегені құрап тұрған, қарашы:Нардың мойын терісінен тілген көк!..