ВЕРНУТЬСЯ

Балбырап жатқан жон, алап,Бозала таңның алдында.Қырғидай тиді қол орақ,Жайқалып тұрған шалғынға. Не болды, дүние, әдемі ең?Құрақтар ыршып, ырғалды-ай.Жел емес, мынау «бәледен»,Дірілдеп бойы тұрғандай. Аспанның қашып нұрлы өңі,Қапалы дерсің маздақ қыр.Мөлдіреп шықтар гүлдегі,Төгіліп кете жаздап тұр... Шабылмай қалған бөктерде,Балапан шөпке ғұмыр бер!Тек, қаулап қайта көктер ме,Көгінен ада түбірлер?!