ВЕРНУТЬСЯ

Тыңда мені, тауларым! Тыңда, далам!Қуанышымды айтайын қалған алаң:Әке болып қарадым әлемге менТұңғышымның даусынан іңгәлаған. Қанаттастар, қайырымды көршілерім,Көріндерші күнімді, келші менің.Сұрамайын ұялтып көрімдік те,Бір ән айту бірақ та еншілерің. «Тағдыр бізге шуағын шашты енді»,-деп,Апатайым құшағын ашты елжіреп.«Айналайын!» - дей берді абзал әкем,Жанарында шаттықтан жас мөлдіреп. Күттіріп ең жаным сен көптен мені,Келдің–дағы қиялым көкке өрледі.Сандуғашы сайраған тамылжытып,Баққа айналдым гүлдеген көктемдегі. Әлі де мен жырлармын бұл күнді мың,Ашып тастап ақ отау жыр түндігін.Ақша бұлттай асыр сап аспандағы,Ақ бұлақтай тасқан шақ күлкім бүгін. Қуантқанмен біздерді бұл күні бек,Қуант ертең елінді, құрбыны көп.Раушан деп атадық есімінді,Отаныңның өскейсің бір Гүлі боп!