ВЕРНУТЬСЯ

Түнгі далада, отырмын жағып алауды,Жатқандай сонда жастықтың әні қалаулы.Сағыныш болып санамда сағымдай сырғып,Іздегенменен сол шақтың табыла ма аулы?! Жүрекке жетіп бір жылу нұрмен ағылып,Жұбататындай жанымды жүрген жабығып.Отқа шүйлігіп, тұс-тұстан түнгі көбелек,Қаптады-ай келіп, кеткендей түннен жалығып. Шарқ ұрып жүр-ау, шығатын көргелі күнді,(Ойыма алдым опынып, өлмек ұғымды...)Көзсіз көбелек сияқты,                                      ессіз ғашық боп,Аруға қалған  айтылмай, тербеді мұңды. Жыландай арбап сүп-сүйір тілі жалынның,Көбелек біткен айналып жүрді жарығын.Қызыл шоқ болған қызулы оттың көмейі,Жұтып та қойды, байғұстың бірлі-жарымын....Тәрізді, түздің жемтікке талас аңдары,Түнде де осы тынымсыз, қарасаң бәрі.Сынайтын сынды, шыдамның санын шымшылап,Шақырып мені өзіне қала шамдары. Көбелектер-ай... дейсің бе, өлең етті құр,Сендерді көріп көңілім елең етті бір:Өмірдің отын фәниде өлгенше сүйіп,Қимай да қимай кетерсің, көбелек-ғұмыр!.. Қап-қара тондай, жапанда жамылып түнек,Отырмын әлі, тағдырға ағылып тілек.Қараңғы түннің қампитып қарынын мынау,Алау да сөніп барады, тамызық тілеп...                   ***Көрінбейді жаздың әсем ақ таңы,Жапырақ құс жерге қонды бақтағы.Бас салардай тас төбеден төніп кеп,Бура бұлттар көкте тыным таппады. Жұпар шашқан жоғалыпты түз гүлі,Томсарады қабақ түйіп күз күні.Ол мазасыз болмай қайтіп тына алар,Қыс қолында кетеді ертең тізгіні. Күз батырың қыс айымен тіресіп,Жел-семсерін, оңды-солды жүр есіп.Адам түгіл табиғаттың өзі де,Жатады екен өмір-бақи күресіп.