ВЕРНУТЬСЯ

Ұршықтай зырлап билеген,Көтеріп шаңды жел кенет.Самарқаулықты сүймеген,Келеді құйын дөңгелеп. Бейғамдау жатқан бұйығып,Оянды дала оқыстан.Дауылды желі үйіріп,Тазартты жолын қоқыстан. Сыпырып бәрін сырғыды-ай,Арқандай бейне есіле.Барады бойлап бұрғыдай,Көгілжім көктің төсіне. Құйынды даттау обал-ды,Жанына жат қой жалтаңдық.Аспанға сіңіп жоғалды,Айнала маңды аң-таң қып! Сыр түйдім құйын тірліктен,Жанарым алды жалқын нұр:Жердегі қулық-сұмдықпен,Арбасып өтер ақын тұр!                   ***Жан-жаққа құстар тарады,Керуен тартып қаз-қатар.Жылы жақ іздеп барады,Тіршілік отын маздатар. Ұшумен жүрді күн ұзақ,Аспанның  төсін шимайлап.Қайтсін-ау, кетпек тым ұзап,Мекенін туған қимайды-ақ. Кім білсін, мынау құстардың,Қаншасы аман оралар?Қаншасы ұзақ ұшқанның,Қанаты талмай қона алар? Келер-ау құстар көктемде,Жер үнсіз жатыр, мұңдана.Құстары ұшып кеткенде,Қайғырады екен бұл дала.                         ***Жүйке-қобыз, қылы қатты бұраулы,Жазысы жоқ, қом өркештен жыр ауды.Аяз қысып алды-дағы ақшұнақ,Көңілімнің терезесі қыраулы. Арамзалар хамелеондай өзгерді,Байлық күші батыр қылды ездерді.Сауда деген сиқыршыға арбалған,Қалай ғана ұйытармын сөзге елді. Бойды билеп алды жоқтық шарабы,Күл-қоқыста қалды таздың тарағы.Бәрін сатып, бара-бара кейбіреу,Арын сатып жүрмесе, тек жарады!.. Нарық деген сияқты бір нақ сынақ,Мұқтаждардың мұңын ұққам жақсылап.Отырғаным: жыр жазарда, жабырқау,Оқырманым жүр базарда бақ сынап. Кеудем-қойма, сөзге толы сұраулы,Кермек ойға берілемін, құраулы.Дүниенің жылы демін аңсаған,Көңілімнің терезесі қыраулы...