ВЕРНУТЬСЯ

Қашан да тілге табынып өскен,Ананың айтқан әлдиіменен.Қазағым талай дауылды кешкен,Бабаның тартқан сан күйіменен. Өзегі тіл ғой, өнердің алтын,Уызын еміп нәр алып едік.Дегенге, қайтып сенермін халқым:«Қуаты тілдің барады кеміп...» Беретін тілім, бір екпін маған,Жаңбыры едің дала кеудемнің.Қыңсылап қоймай, жүрек тырнаған,Тіміскі төбет-қала ма-ерген мұң?! Сыналап кірген, шұбарлап тілді,Сөздердің құрған торын үземін.Ұшпаққа шет ел, шығармақ кімді?!Жетеді іздер жоғымыз, елім! Күттірген, келіп, тұр кезің міне,Желкенін енді қомдасын кемең.Бүршігін жарған бір сөзіңді де,Білмейтін қазақ болмасын деп ем... Тіліне жаны тұрған жылымай,Намыссыз адам – бір шірік алма.Тамырым едің, туған тілім-ай,Тілімсіз, сірә, тіршілік бар ма?!.          ***Бір күні әкем боранда,Әкелді құйттай құмайды.Саяттап кейін сонарда,Серік қыл деген сыңайлы. Ақ күшік маған ыршыды,Қуанып кеттім күрт түлеп.Түймедей қара тұмсығы,Иіскелеп алды түрткілеп. Таптым-ау деймін тұспал ат,Атадым оны Лашын.Болсын деп ұшқыр, құс қанат,Көсіле жазар құлашын. Ақ құмай өсіп жетілді,Аң кетпес көзге ілінсе.Ақ жұлдыз аққан секілді,Болатын бейне жүгірсе. Күмістен  соққан қарғыбау,Көз тояр еді кескіні.Серпінді күшке тән мынау,Шығыңқы алға төстігі.Ақ құйын тазы құйғытып,Аңменен талай арбасты.Беріштей шымыр күй бітіп,Бес рет биыл қар басты. Көрінген болар ажалға,Тынымсыз, тазым із кесті.Тайынша сынды тажалға,Бетпе-бет ақыр жүздесті. Осынау алып арланмен,Тіресіп қалай тұра алмақ?!Қашпады, келіп қалғанмен,Жұлқысты, жауын жұмарлап. Қасқырдың өлі денесін,Сығымдап әбден, жайпапты.Іздеген жандай демесін,Қыңсылап кенет,   жай тапты... ...Өмірде мынау мұңаймай,Қайғыға тұрсын кім шыдап?!Өксіген сезім, құмайдай,Жатады-ау іште қыңсылап...