ВЕРНУТЬСЯ

                  (Баллада) Көктем еді. Жасанған шақ, жер дертіп,Анам маған қарап қойып, сүйіне:«Сәлем беріп, қолын ал» деп келді ертіп,Жүзге шыққан Шахан атам үйіне. Таңырқаудан шын абдырап қалдым ба,Күтпегенмін көріністі тап мұндай.Аппақ болып шүйкедей шал алдымда,Төрде отыр қонақтаған аққудай. Қабағында кірбің бұлты-қападай,Сөйледі ол әрбір сөзін сараптап.Ақша қардан соққан аяз атадай,Сақал-шашы, киімі де... бәрі аппақ. Жылыстапты, бойдан қашып жылылық,Тек сүлдесі, қалыпты әбден арып-ақ.Қазір ғана қабірінен тіріліп,Келген сынды ақ кебінді әруақ... «Шырайында шіркеу болмас шындықтың,Кел қарағым, қасыма кел, қысылма...»Қос ұңғысы үңірейген мылтықтың,Отырғандай сезіндім мен ұшында.Тұла бойға толқын тарап өтті тез,Қапелімде қалдым білем мұны ұқпай.Басыр екен бір кездегі отты көз,Жанарлары суалыпты құдықтай. «Айтып біттік, сендерсіңдер бүгінгі Ән,Қарттық тозған домбыра ғой күй өңге.Белбеуімді өмір бойы буынған,Жүзге жетсін, бердім, - деді, - жиенге». Үміт оты жанды лаулап жалындап,Әулиедей әз тұтты ма шалды шын.Жалғыз ұлын тастағандай жарылқап,Жаудырды анам жүректегі алғысын. Шалалық-ай, балалық-ай жел кеуде,Қуанышы қандай еді, сол күннің!Бір құдырет жатқандай-ақ белбеуде,Балаларға «жүз жасаймын» деп жүрдім.Қараймын кеп, көңіл күпті , бірленбей,Белбеу әне...Мүмкін – сорым, мүмкін – бақ.Дәмесінің зорын-ай деп күлгендей,Тоғасының жылан тілі жылтылдап. Белбеу өмір жонарқадан соққылап,Белбеу өмір белді қанша қысса да.Өткірлендім, жасығаным жоқ бірақ,Секілденіп жанып алған ұстара. Тірліктегі жеңілісім, жеңісім,Болса, куә, Шахан атам белдігі.Жүзге жету мақсат емес мен үшін,Мендік мақсат – ұрпақ қамы, ел мұңы!