ВЕРНУТЬСЯ

Дина өмірінің соңғы сәтіне дейін ұлы күйшіге серік болған домбыра, қазір Атырау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Жыры дүлдүл домбыра,Тілі бұлбұл домбыра.(Баға жетпес, ол – мұра)Одан шешен болды ма?! Күй нөсері құйғаны,Шүлен шақтар сыйлады.Мүлік бопты, жәдігер,Еске алатын Динаны. Тарқата алмай құмарын,Іздегендей сыңарын.Қалыпты ғой тіл қатпай,Шыңға біткен шынар үн. Мұңды жанша апырмай,Тұрды қанша тартылмай.Киелі қол кеткесін,Перне бойлап шарқ ұрмай.Деме, музей ағашы,Домбыра тұр, қарашы:Жетім ұлдай жаутаңдап,Сағындырған анасы. Үнсіздікті нақ мұндай,Тұрған сынды жақтырмай.Мойнын созар,      аспанға,Ұшатұғын аққудай. Кенен күйге бөленіп,Тыңдар ма еді кенеліп.Саз төгетін сиқырлы,Саусақ тұр-ау керегіп!..