ВЕРНУТЬСЯ

Айдындай, толған шарасы,Тұр міне самсап бар асы.Жайылған дастарханы да,-Қазақтың байтақ даласы! Аққұман шоқта, от-демі,Үйде жүр дала көктемі.Толысып піскен таба нан,Күн көзі бейне көктегі. Анардай, апорт алмаңды-ай,Қазы мен жая, жал қандай!?Шашылған сары бауырсақ-Шұбырған балапандардай. Алуан тағам арбай ма,Тамсанбас бұған жан қайда?!Аңқыған шырын шұбаттың,Қалғандай дәмі таңдайда...