ВЕРНУТЬСЯ

           (аңыз ізімен)Сапарлаған жолаушы айдалада,Апармаған, күнкөріс қайда ғана!?Күйгелектей қозғалып, малдас құрды,Үйге жетпей ит көңіл жайлана ма. Көрінеді, көріпкел құмалақшы,Болды ма әлде өз-өзін сынамақшы.Құмалақты ашқанда, қырқын жорып,Болмағандай соңғысы сірә, жақсы... Кейін тартып бір нәрсе кежегені,Тырп етпестен орнында, тежеледі.Үйге барса болғаны, әйелі өліп,Түзде қалса қонғалы, өзі өледі. Ғайыптан пайда бола кеткендей-ақ,Бір аңшыны көреді жеткен таяп.Жүзі нұрлы жымиып, содан кейін,Былай деді, азапты шеккенге, аяп: «Қабағыңа қоныпты тұнып кірбің,Құмалақшы-ақ екенсің, ұғып тұрмын.Шарасыздан шаршаған кейпің бар-ау,Жұмбақ болып жалғызы қырық бірдің.Ашпай тұрып әуелі қоржыныңды,Семсермен шап! Абайла, бол жырынды!..Жатыр оның ішінде улы жылан,Құтыласың, өлтіріп сол зұлымды». Айдай келді айтқаны, қара мұны...Қалай ғана демессің даналығы!Қашықтықта жатыпты қас пен көздей,Өмір менен өлімнің аралығы. Жақсылығы өтеусіз, жоқ-ау, шүбә,Алғыс айтпақ ниетпен сол аңшыға.Қарағанда, қасында ешкім де жоқ,Қыдыр екен кезіккен жолаушыға... ...Ажал бір күн тақар-ау кездігін де,Айтсам екен бағыштап сөзді кімге?!Құтқаратын мені де бар ма біреу,Өмірімнің өліара  мезгілінде?..