ВЕРНУТЬСЯ

Құштарлық сезім жетелеп мені көктемге,Жабысам жалға, жел-тұлпар желіп өткенде.Тершіпті айна көлдердің мұзды маңдайы,Күннің еріні күңгейден келіп өпкенде. Қыз емшек таулы, керілген сайын далам-ау,Қашан да сенің мен үшін жайың даралау!Жасыл көйлегі желбіреп, жолдың бойында,Алдымнан шығар ақ балтыр қайындар анау. Бүрісіп қалған, боранды бұршақ ұрғанда,Құмаршық тағы қаулар-ау құм-шағылдарда.Жас өскін бүршік түрткілеп, тұман пердемен,Көлегейлейді қымсынып құрсағын дала...