ВЕРНУТЬСЯ

Әуеніне даламныңЖиып алған бар күйін –Сағынамын анамның«Әлди, әлди, әлдиін!» Ұғынумен өмірдіЕсейсек те ержетіп.Қоңыр әуен көңілді,Келеді әлі тербетіп. Бір биікке ұмтылғам,Жанға іздемей сая-бақ.Көкіректе бұлқынған,Бөбек жырды аялап. Сезім оттай шалқиды,Ұшқын жоқ па?-Сарқылдың!Алдан күтер әр қилыАрманы бар әркімнің Жүрмес  іске жанаспай,Болғаннан соң ол адам.Мақсатсыз жан ағаштай,Жемісін жел тонаған. Ондай ғұмыр түнек те,Кеудеңе күн қонбаса.Әлдилейтін жүректе,Бір асылың болмаса!