ВЕРНУТЬСЯ

Ойхой, жолдар, керілген таспалардай,Жетеледің ілгері, жастан арбай,Сені көрсем серпіліп, сергіп қалам,Бар қуаныш өзіңнен басталардай. Қадіріңді табиғат біліпті анық,Дала төске, асқар тау иыққа алып...Сендерсіңдер – қозғалыс жылнамасы,Қастерлейді сондықтан сүйіп халық. Біреулерді кетесің биікке алып,Біреулерді жетесің ұйыққа алып.Жолаушының мұң менен шаттығына,Куә болу – еншіңе тиіпті анық. Бұлақтардай бұраңдап, таратылып,Сан тарау боп жатсыңдар, оратылып.Кейде сен де бастайсың жолсыздыққа,Әтеген-ай, атың жол бола тұрып! Саған қарап, қалайша күй ұқпалық?Өмір-сапар, өтерміз күйіп, налып.Ей, жолдарым, арманға бет алғанда,Үмітімді үзбеңдер, тұйықталып...