ВЕРНУТЬСЯ

Көңіл көлі толды ма,Көкіректе нұр шалқып.Жатыр, дәурен – домбыраТірлік атты күй тартып. Бірге аттадық жол басын,Екеумізде бір тілек.Жанарыңа қонбасын,Қайғы-мұңның бұлты кеп. Жетелесін, дос-үміт,Дәйім нұрлы таң атқай.Егіз жүрек қосылып,Бір соқсыншы сағаттай. Жүрші шат боп, шадыман,Жаның-жомарт, жүзің-нұр.Жүрегімнің бағынан,Үзіп берем жүзім жыр. Сенсің мендік өңірдің,Төсінде өскен қызыл гүл.Айдыныңда көңілдің,Аққу бейнең жүзіп жүр!..