ВЕРНУТЬСЯ

Қараймын да дидарына даламның,Көне мекен, өзіңді ойлап алаңмын.Ақ қағазға ақтаратын сырларым,Ұшында тұр үн қатқалы, қаламның... Орман жырдың ордасындай кең далам,Толғандырдың, шабыт сыйлап сен маған!Ұран отын лаулатқан Отпан тау,Шамырқанып, мынау жатқан Шерқалам... Батыр мүсін тұрпатын-ай тасының,Жатырмысын, жұмбақ жайлап жасырын?!Қазыналы, қасиетті Қаратау,Ақтау анау, ақ маржандай асылым. Жиһанкездің, дала шарлап шыққалы,Ұлы жерден ұшан теңіз ұққаны.Маңдайында – күннің табы, от-жалын,Таңдайында – уылжыған тұт дәмі.Тыным таппай тірлік шіркін күнде-күн,Жүгіреді бойыменен жүлгенің.Көлеңкелер тығылады қуысқа,Ыстығынан шыжып кеткен шілденің. Биігінде, - қорқынышты – маңғыш*...Тау...Иінінде – қонақтаған сан қыстау.Естігенді тандыратын есінен,Ертегінің елі ме едің, Маңғыстау?! Қол бұлғайды көне сүрлеу іздері,Жол жырлайды, тағдыр жайлы түздегі.Қонысында – шыңыраулар қаптаған,Көз ұшында – керуендер тізбегі. Тінін тартып тектілігің Тұраннан,Бостандық боп жетті бүгін, бір арман.Қайсар қазақ, ұлың түгіл қыздарың,Томиристей тұлпар мініп, ту алған._____________________________________________*Маңғыш – қорқынышты, орасан алып құс.Келбетіңе күн ғашық боп, ай қарап,Тербетіле теңіз жатар аймалап.Сендей өңір бар дегенге сенбеймін,Сенсіз, жүрек – құсым қалай сайрамақ!? Сезім шоғын аңыздардың үні үрлеп,Танысам деп, тарихыңды түбірлеп.О, Маңғыстау, әулиедей атынды,Кәлимадай қайталаймын күбірлеп... ...Қараймын да дидарына даламның,Көне мекен, өзіңді ойлап алаңмын.Ақ қағазға ақтаратын сырларым,Ұшында тұр үн қатқалы, қаламның...