ВЕРНУТЬСЯ

Жарыстық омырауға ап желдің өтін,Аңызды ақиқат қып ел білетін.Құлықты кім көп жақса табанына,Сол жүйрік болады деп сендіретін. Шаттандым озатындай Құлагерден,Тапқанмын құлық інін құба белден:Жымиып құрбы қыздың күлгендегіШұңқырдай ақ бетіне шыға келген. Желаяқ боламын деп жаңсақ ұғып,Шағылды шарладық-ау сан сабылып.Қиялшыл өңшең қара сирақтардың,Қалды екен «сауабына» қанша құлық! Еске алып күліп қоям анда-санда,Ыстықсың сол балалық шақ қашанда....Жүгіртіп қояды екен қайран өмір,Құлықты табаныңа жақпасаң да...