ВЕРНУТЬСЯ

Қадір түні... сүт саулап, ай-анардан,Нұрға ғашық – өмірді аялар жан.Қарсы алдымда тұрғандай Қыдыр ата,Жапырағын жаныма жаяды арман. Көңіл деген жүгірді зырлап құмай,Үкілеген үмітім үн қатты ма-ай.Бір қуаныш күтемін беймағұлым,Жанарымды арбаған жұмбақ түн-ай... Жұмбақ түн-ай киелі қасиетті,Жолатпашы пендеңе қасіретті.Қадір түнін күзеттім кірпік ілмей,Сезім селі кеудемде тасып өтті. Тек жақсылық, жақсылық жүгінгенім,Шындық-сәждем бас ұрар, бүгін менің.Бисмилла хи-рахмани рахим,Көкейдегі ойымды күбірледім. - «Сұраймын, жайып тұрып жүрегімді:Ұрпағымды, Ұлтымды, Ұлы елімді,Бақыт қана құшсыншы құшағына,О, тәңірім! Қабыл ет тілегімді,О, тәңірім! Қабыл ет, тілегімді!?..»