ВЕРНУТЬСЯ

Бақыт құшқан бейнелеп кемел қырын,Сезіндіріп бал шақты нелер шырын.Биіктетіп барады өнер шыңын,Анау аппақ, киелі көгершінім. Жыр бар қандай бере алар көркін ерен,Сырлар бардай сөзбенен шертілмеген.Қанатындай аққудың мамық жүнді,Ақ көйлегі жұп-жұқа желпілдеген. Сұлулықтың осынау шағын қалай,Көре аларсың толғанбай, таңырқамай?!Қар жауғанда алақан тосқанындаҚалқып келіп қонатын ақ ұлпадай... Ән ғой мынау!                   Ән айтып керегі не.Әкеткендей жетектеп желегі де.Батып кеткен сияқты боласың бір,Шымырлаған сезімнің тереңіне. Төгілгендей шуақты нұр әуеден,Ұшар құстай жүрегің тұр-ау әрең.Жанарында шаттықтан жасаураған,Билеп бара жатқандай мынау әлем!