ВЕРНУТЬСЯ

Талыс қылып тіндерін,Тобылғымен саптаған.Төрімде тұр бір керім,Әшекейлеп аптаған. Тектілікті сезіне,Күйін ұғам, фәнидің.Қараймын да өзіне,Жігерімді жанимын. Болса-дағы болаттай,Есетіндей мұңлы леп.Жамандықты жолатпай,Жонып өткен тілгілеп. Араласса ар үшін,Жым болыпты желік, дау.Өзегіне намысын,Бабам қоса өріпті-ау! Жұмбақ оның бар сыры,Қилы-қилы кешті жол.Тіледім мен қамшыны,Ұстағай деп есті қол...