ВЕРНУТЬСЯ

Ес біліп естігенім ертегі еді.Ертегі шаттық пенен шер төгеді.Қаһарман бозбала мен хор қызыныңКелетін көз алдыма көркем өңі. Келтіріп, бақастардың бірі ретін,Өлтіріп тастаса да тіліп етін.Адал жан аман қалып ақырында,Ішкен соң өмір суын тірілетін. Содан ба, жамандықтан жиренемін,Арамға найза болып түйрелемін.Мен-дағы осы өмірді мейірленіп,Сезіммен таңғы шықтай, сүйген едім. Ғұмырға мәңгі ғашық, еншісі мұң,Ақынмын, жүректердің емшісімін.Қанатты қиялдарын көкке ұшырған,Ертегі елінің мен елшісімін. Алғанша жаһаннамның жолдамасын,Ойлайсың тіршілікті, толғанасың,Не керек, мынау жарық дүниеде,Жақсылар мәңгі жасар болмағасын.Кеттіндер, асыл әке, қош, анам да!Өттіңдер бақыт тілеп босағамда.Жер асты патшалығын іздеп кеткенСияқты, көзін жұмған қос ағам да... Тұрса да гүлдеп өмір, күліп өңір,Қауышам қиялменен күніге бір.Емшектің сүтін қоса еміп өскен,Келемін ертегімен сүріп өмір. Шабытым сапарда сыр шертеді ме!?Сәт  тіле туған елім, тентегіңе.Ер салып Тайбурылға жол тартқанмын,Көрінген ертегідей ертеңіме. Жанарым жұмылғанша жырламақпын,Бақытпен бітер соңы күллі азаптың.Әйтеуір мен осынау тірлігімдеСенемін боларына бір ғажаптың!                   ***Өп-өтірік аяғыңа бас ұрып,Жүр біреулер амал-айла асырып.Алаңдаймын осыларға  өз басымҚала алмаймын ренішті жасырып. Сонда-дағы үмітімді үзбеймін,Өнбойынан бір ізгілік іздеймін.Бірі дана, бірі шала...«Неге осыАла-құла болдық екен біз?» деймін. Мазасызбын,Тебіренем, беу, неге?Сезім көлі толқиды кеп кеудеде....Тірлігіңде бақытты етсең бір жанды,Болады өзің бақыттымын деуге де. Түзелгенді көрсем қырсық қалпынан,Шаттанамын, жүрегімде шалқып ән.Алақанның аясындай арманды,Аспанымдай үлкейтуге талпынам!