ВЕРНУТЬСЯ

Еркіндік

Өзіңізге тиді міне еркіңіз,Қуаныштың шарабынан ішкен көп.«Еркіндік!» деп, аспанға атқан бөркіміз,Ұшып кеткен, әлі жерге түскен жоқ! Иә, жерге түсіре алмай әуреміз,Қарап тұрмын аң-таң қалып мен енді.Білдірерін білмейміз бе, әлде, біз,«Қазақ» сөзі – «еркін адам» дегенді!? Білесің бе, қалды әнеки боқтықта,Бодандықтың буындырған ноқтасы.«Оразаң да, намазың да – тоқтықта»,Ой дүрбісін салайық бір, тоқташы... Жасқану ма?

Көктем қарсаңы

Құштарлық сезім жетелеп мені көктемге,Жабысам жалға, жел-тұлпар желіп өткенде.Тершіпті айна көлдердің мұзды маңдайы,Күннің еріні күңгейден келіп өпкенде. Қыз емшек таулы, керілген сайын далам-ау,Қашан да сенің мен үшін жайың даралау!Жасыл көйлегі желбіреп, жолдың бойында,Алдымнан шығар ақ балтыр қайындар анау. Бүрісіп қалған, боранды бұршақ ұрғанда,Құмаршық тағы қаулар-ау құм-шағылдарда.Жас өскін бүршік түрткілеп, тұман пердемен,Көлегейлейді қымсынып құрсағын дала...

Келеді хаттар

Шаттық ап хаттар жетеді,Шоқтарын үрлеп өмірдің.Мұңайтып бірі кетеді,Бұлт басып күнін көңілдің. Шуақты сөзден гүлдесең,Жадырап жүзің таңша атқан –Ұшасың хатпен бірге сен,Құшасың досты ансатқан. Сыр шертіп маған сөйлеген,Хатты ұқтым жүрек жыры деп.Отырған шақта ойменен,Қалыпты-ау тағы бірі кеп. Толқып та жаның тұрады-ақ,Сияқты бейне бұл бір сын.Мұңайтар ма екен мына хат,Қуантар ма екен, кім білсін?!

Жүректегі жүк

Алаңдап жүрем, бір үміт жанарда жанып,Жүрегім, жайлы төсегін табар ма мамық?!Қырғын аңсаған қылығы күнәһарлардың,Көкірегіме тікендей қалар қадалып. Өтеді сынды, дәуірдің өткеріп көші,Сабырға қол бер, сезімім текке елікпеші.Табиғат-Ана құшағын ұмыт қалдырып,Қара бас қамын құнттап біз кетпедік пе осы?! Жарылыстардың көтердік азабын көніп,Балқашым менің барады базарың кеміп.Қоңыр қаз сынды көңілім, қона алмай жүр-ау,Айдыны қайтқан Аралдың ажарын көріп... Ұясын салса ұлағат, ұғар құлаққа,Жыр тұнған жаным қол созып тұрар мұратқа.Жұлқынған желдер назымды жеткізіңдерші,Бұлқынған мұны айтатын шығар

Тастар

Тастар, тастар...Сырларыңа іңкәрмін,Тасырқаған тұяқтары тұлпардың.Сан қарысып келдіндер-ау дауылмен,Самғап ұшып кетті талай сұңқар күн. Тастарға ұқсап тынам іштен кейде мен,Шабыттанам оралғанда ойға өлең.Қара тасты қақ айырып шыққан гүлҚызыл тілге ұқсайтындай сөйлеген. Безбүйректі, мейірімсіз бейпілді«Ол бір нағыз тас жүрек қой», - дейтін-ді.Уа, тастар! Асылыңды бергенмен,Берме адамға қатыгездік кейпінді!

Страницы