ВЕРНУТЬСЯ

Күз таңы

Таңы атты алтын күздің арайлана,Сәуле ойнап, жарқырады бар айнала.Шөптердің басындағы мөлдір моншақ,Қосылып, ұқсап кетті шарайнаға. Құстардың тұнық көкте тұнған әні,Диқан тұр, егін-жайдың мұзбалағы.Ақ білегі ақ шуақ сезімдей боп,Қалқалап жүзін күннен қыз қарады...

Есеп

Жарандарың, оралманың – есепте,Жаралғаның, жоғалғаның – есепте.Артық, яки, кем алғаның – есепте,Ең ақыры, демалғаның – есепте. Есеп керек: маған, саған, оған да,Есепсіздік – піспей қалған көк алма.«Өз күніңді өзің көр» деп отырған,Өгей бала сияқтысың қоғамға. Есеп, есеп...

Қағанағың қарық па?

Қағанағың қарық па,Сағанағың сарық па?Кеш дегенің жарық па,Ешкілерің арық па? Көргендерің анық та,Көрмегенің танық па?Орнында бар оңалып,Өшкендерің жанып па? Немкеттілеу парыққа,Еңбекті жеу қалып па?Саудагер ғып шығарған,Назың бар ма нарыққа? Қағанағың қарық па,Сағанағың сарық па?Қара жердің құты еді,Жусан бүрін жарып па? Қағанағың қарық па,Сағанағың сарық па?Салып па едің сыбаға,Қара қазан – халыққа?!.

Түнгі көбелектер

Түнгі далада, отырмын жағып алауды,Жатқандай сонда жастықтың әні қалаулы.Сағыныш болып санамда сағымдай сырғып,Іздегенменен сол шақтың табыла ма аулы?! Жүрекке жетіп бір жылу нұрмен ағылып,Жұбататындай жанымды жүрген жабығып.Отқа шүйлігіп, тұс-тұстан түнгі көбелек,Қаптады-ай келіп, кеткендей түннен жалығып. Шарқ ұрып жүр-ау, шығатын көргелі күнді,(Ойыма алдым опынып, өлмек ұғымды...)Көзсіз көбелек сияқты,                                      ессіз ғашық боп,Аруға қалған  айтылмай, тербеді мұңды. Жыландай арбап сүп-сүйір тілі жалынның,Көбелек біткен айналып жүрді жарығын.Қызыл шоқ болған қыз

Жалғыздық

Ай да жалғыз аспанда, күн де жалғыз,Серік іздеп шақырар түнде байғыз...Мен де жалқы ұл едім жанұядаДүниеде жоқ дейсің, кімде жалғыз?! Жалғыздық-ай, жалғыздық...

Страницы