ВЕРНУТЬСЯ

Сыған қызы

Қылын шертіп жүректегі бір сырдың,Ей, гитара! Неге сонша күрсіндің?Неге ғана мұңаясың, гүл сындым,Мойыл қара көздеріңде күлсін күн. Ақырғы әнін қатқан шақта жырлап күз,Бақта қалай жүрсің жалғыз, жұмбақ қыз?Бал әуенге буындарым балқыды-ау,Тартшы тағы, бұлбұл сазын тыңдатқыз. Түс көргендей...

Ертегі

Ес біліп естігенім ертегі еді.Ертегі шаттық пенен шер төгеді.Қаһарман бозбала мен хор қызыныңКелетін көз алдыма көркем өңі. Келтіріп, бақастардың бірі ретін,Өлтіріп тастаса да тіліп етін.Адал жан аман қалып ақырында,Ішкен соң өмір суын тірілетін. Содан ба, жамандықтан жиренемін,Арамға найза болып түйрелемін.Мен-дағы осы өмірді мейірленіп,Сезіммен таңғы шықтай, сүйген едім. Ғұмырға мәңгі ғашық, еншісі мұң,Ақынмын, жүректердің емшісімін.Қанатты қиялдарын көкке ұшырған,Ертегі елінің мен елшісімін. Алғанша жаһаннамның жолдамасын,Ойлайсың тіршілікті, толғанасың,Не керек, мынау жарық дүниеде,Жақс

Біте...

Адалдықтан тұл дене,Шәртік қарын іркілдеп.Дәметеді бірдеңе,Бақа бұғақ бүлкілдеп. Алға түскен ақшалар,Көрінгенде көз қарып.Саусақтары бас салар,Қырқаяқтай қозғалып. Мейманасы тасыды,Бишік етіп билікті.Алшы түсіп асығы,Бұл күндерде, күй мықты! «Парақор» деп жүр атын,Немене, бұл, жұт емей?!Түте-түте қылатын,Түскен жерін бітедей....

Шабындықта

Балбырап жатқан жон, алап,Бозала таңның алдында.Қырғидай тиді қол орақ,Жайқалып тұрған шалғынға. Не болды, дүние, әдемі ең?Құрақтар ыршып, ырғалды-ай.Жел емес, мынау «бәледен»,Дірілдеп бойы тұрғандай. Аспанның қашып нұрлы өңі,Қапалы дерсің маздақ қыр.Мөлдіреп шықтар гүлдегі,Төгіліп кете жаздап тұр... Шабылмай қалған бөктерде,Балапан шөпке ғұмыр бер!Тек, қаулап қайта көктер ме,Көгінен ада түбірлер?!

Соңғы бәйге

Бәйге болмақ, аттар озып келем деп,Көз ұшында құйындайын жөнелмек.Кәрілеу бір күрең тұлпар шеттегі,Тықыршиды жан-жағына елеңдеп. Шабандоздар қатар түзеп тұр енді,Шал әкелді, қосу үшін күреңді.Кісінеді...

Страницы