ВЕРНУТЬСЯ

Қуантаевтың әңгімесі

       Садық
Тайжановка еріп келген осы сапарында бұл күнде есімі есімнен шығып кеткен Қуантаев
мынадай бір қызық әңгіме айтты:
-        Бір күні
аулымызға финагент келіп өткен жылдан ауысқан алым-салықтарды тексеріп, қарыз
иелерін тықсыра бастады. Үш-төрт жылдан бері қарызын өтемей жүрген бір колхозшы
сиырын көшеге алып шығып әркімге сатып ал деп ұсынды. Жөппелдемеде кім бар сиыр
сатып ала қоятын. Ақыры әлгі жазғанды аяп, сұраған пұлын бердім де сиырды мен

Бір өлеңнің өмірбаяны

     Қызық деңіз, демеңіз, мен қай күні туғанымды білмеймін.
Үлкендерден сұрасам: ит жылы ауыл қыстаудан көшіп шығып, көктеуге қонғанда
туыппын. Күні бүгінгі мен сол «итіңізді» малданып келем. Ал Хамит Ерғалиев болса,
туған күнін айнытпай біледі екен: 1916-жылғы патша жарықтығыңыздың июнь
жарлығынан соң төрт ай өтті дегенде, жаңа шежіре бойынша қарашаның он төрті
күні дүниеге келген. Керек десеңіз, бұл кісіңіз туғанда таң қылаң беріп қалған ғой. Соған дейін дәп басып
айта алады.
          Міне бүгін

Көзсіз ерлік

     Қазақта — көзсіз ерлік — дейтін сөз айшығы бар: алды-артына қарамайтын ерен батырлықтың үлгісі. Жағымды мағынада айтылатын осы бір нақыл сөздің арғы тегі ойландыратын да секілді. Көзсіз ерлік?..— Алдында тұрған шым-шытырық жағдайдың сыр мағынасын білмегендіктің салдары емес пе екен? — Ғажап емес. 
  Мен бұрын біреудің машинасында келе жатып бір қызық жайға қайран қалып күлетін едім: алда оқ бойы жерде милиция қызметкерінің ала таяғы көрінсе ағызып келе жатқан шофер бірден тежемені басып, баяулай қалатын.

Бастық мінез

     Қазір Алматы медицина институтының бір кафедрасын басқаратын оташы-ғалым Әлмағанбет Дайыров көптен көңілдес кісім. Көңіл жақындығы оның Ақтөбеден Алматыға көшіп келіп, Төртінші бас басқарманың қарамағындағы ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалған сонау алпысыншы жылдардың орта тұсында-ақ басталған-ды. Әлмағанбет сырт сыпайы, — сіз, біздің — адамы.

Сұрақ пен жауап

     Бала кезімде жетпіс-сексенге келген қариялардың мақтана айтар кей әңгімелері еміс-еміс құлағымда қалыпты: жылан жылы пәлен елге барып жылқы айдап әкелгенде... доңыз жылы түген деген жерге барып жылқы алып...
  Есейе келе ойға қалам ғой: «ау, ұрлық түбі - қорлық» демеуші ме еді жұрт?! Қашаннан бері мақтаныш болған ұрлық дегенің?

Страницы