ВЕРНУТЬСЯ

Шарапат

     (Алғашқы саны 1920 жылы шыққан «Ленин туы» газетінің 60
жылдығына)
   Әдебиетке
құмарлық бар да, сол құмарлықты шын талантқа айналдыру жолы бір бөлек. Бабы
табылмаған талант-қабілет - қанатсыз құс секілді. Қияға самғамақ түгіл, бауырын
жазып жерден көтеріле де алмайды. Мен әдебиетке бала күнімнен-ак құмар едім. Әу
баста осы құмарлық отын кім тұтатты? Алты жасымда өздігімнен хат танып
(мектепке колхоз құрылған жылы, сегізге қараған кезімде барғанмын), сықсима шам

Қасапшы мен қыз

    Бала кезімде бір жылы Қызылжар қаласында қасапшының үйінде
бір ай пәтерде тұрғаным бар. Қасапшы орта бойлы, жирен шаш, көк көз тығыншықтай
жас жігіт еді. Есепке жүйрік-тін: қас қараймай шам жақтырмайды. Ал түнгі сағат
он бірде әдейі келіп мен жатқан бөлменің шамын өшіріп кететін. Әке-көке десең
де көнбейтін.
- Жанып тұрған шамың ақшаға түсетінін білесің бе? - дер еді.
-        Тиын ғой,
тақсыр-екесі.
-        Мм... ақшаның

Досәлінің Сүлеймені

       Университетте
оқып жүрген кезімде біз бір бөлмеде жеті жігіт тұрдық. Ең ересегі Досалпев
Сүлеймен, содан кейінгісі мен.
      Сүлеймен - зор
денелі, өңкиген ірі жігіт. Көзінде қара мүйіз көзілдірік. Бір қарағанда
қатардағы студенттен көрі, жайбасар, маңғаз, соқталы профессорға көбірек
ұқсайтын-ды.
       Ұлы Отан
соғысының жаңа ғана аяқталып елдің бой жаза алмай жатқан кезі болғандықтан,

Сырбайдың Нұрқанмен айтысы

    Майданға солдат болып барып, ақын болып оралған Сырбай
Мәуленов соғыстан кейін біраз жыл Қостанайда тұрды. Облыстық газетте қызмет
істеді.
       Кезекті бір
демалысын пайдаланып Торғайға барған ғой. Онда әрі ағайыны, әрі дос аға, аты
белгілі ақын Нұрқан Ахметбеков тұрады. Әрнне Сырбай әзіл-қалжыңы жарасқан сол
аға үйіне барып түспей ме. Елге әйгілі ақын болса да Нұрқан қысылыңқырап қалса керек. Кішілеу
демесең, Торғай да Қостанай секілді қала. Інілерінің бірін мал әкел деп жақын

Страницы