ВЕРНУТЬСЯ

    Майданға солдат болып барып, ақын болып оралған Сырбай
Мәуленов соғыстан кейін біраз жыл Қостанайда тұрды. Облыстық газетте қызмет
істеді.
       Кезекті бір
демалысын пайдаланып Торғайға барған ғой. Онда әрі ағайыны, әрі дос аға, аты
белгілі ақын Нұрқан Ахметбеков тұрады. Әрнне Сырбай әзіл-қалжыңы жарасқан сол
аға үйіне барып түспей ме. Елге әйгілі ақын болса да Нұрқан қысылыңқырап қалса керек. Кішілеу
демесең, Торғай да Қостанай секілді қала. Інілерінің бірін мал әкел деп жақын
жердегі ауылға жіберсе, жөпшеңділікте келе қоймаған. Қысылған Нұрқанды көрші тұратын
бір жігіт құтқарады:
- Менің малым байлаулы тұр. Сырбай бүгін біздікінде болсын.
Сен малыңды ертең сой.
       Сөйтіп Сырбай
Нұрқанның көрші үйіне қоныс аударады. Көңілі жайланғаннан кейін жақсы керетін
ағасын қажай бастамай ма!
Болғанда Қостанай тау, Торғай төбе,
Болғанда сіздер қайық біздер кеме.
Үйінде шайып ішер шалабы жоқ,
Шай аңдып көрінгеннен жүрген неме! - депті Сырбай Нұрқанға
қарап.
Сонда делебесі дуда қызар аруақты ақын Нұрқан домбырасын қағып-қағып
жіберіп айғайға былай басқан:
Мінбейсің жігіт болсаң, атқа неге?!
Айтпайсың ақын болсаң, жатқа неге?!
Торғайға тойынғалы келіп пе едің,
Қалада көк су ішкен қатпа неме?!
Жұрт дуылдасып қол соққан. Сырбай жығылғанын мойындаған.
Шіркін, Нұрқан осындай төкпе ақын еді ғой. Әттең, не керек, дүниеден ертерек
кетіп қалды.