ВЕРНУТЬСЯ

    Бір мың тоғыз жүз елу алтыншы жылы өзбектер өз зиялыларының
бірінші съезін шақырды. Қазақстаннан төрт-бес адам қонақ ретінде Ташкент
қаласына бардық.
       Делегация бастығы
- Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ишанбай Қарақұлов.
        Обалы нешік, өздері
съезд деп атаған осы жиынды өзбектер кереметтей етіп өткізді. КПСС Орталық Комитеті
Президиум мүшесі, Өзбекстан Орталық Партия Комитетінің сол кездегі бірінші
секретары Мұхиддинов баяндама жасады. Съезд соңында айта жүрерліктей етіп қонақ
асы берді.
       Жұрт
тарай бастаған кез. Біз ертерек шығып бильярд ойнап жүргенбіз. Екі беті бал-бұл
жанып, қызара бөртіп Ишанбай балаша жүгіріп келді.
Қолды-аяққа тұрмайды:
- Ойбай, жүріңдер...
     Қайда?
     Жаңағы банкет залына... Абдуллаевтың өзі
шақырып жатыр. Қазақтарды өлгенше жақсы көремін, келсін деді.
       Кейін маркұм
болған Абдуллаев Одаққа аты мәлім үлкен ғалым, Өзбек ССР Ғылым академиясының
президенті, бізді айрықша көріп шақырып жатса, қалайща бас тартасың? Банкет
залына кірсек, ұзын  столдың басында
Абдуллаевың қисайыңқырап отыр екен. Қасында ер-әйелі бар көңілді жұрт. Ақкөңіл
Ишанбай жүгіріп президенттің қасына барды.
-        Міне
қазақтарды алып келдім, -деп мызғып кеткен Абдуллаевты жұлмалай бастады.
        Абдуллаев бір
кезде көзін ашты. Қарсы алдында тұрған Қазақ ССР Мәдениет министрінің
орынбасары А. Федулинді басқалардан бұрын көрді де қолын бір-ақ сермеді:
-        Сендерді кім
шақырды? Кәне - табандарыңды жалтыратыңдар!
        Бала мінез Ишанбайдың
иланымпаздығы мен аңғырттығы Алматыға жеткенше күлкімізге тиек болғаны әлі
есімде.