ВЕРНУТЬСЯ

           Әлиза
күйеуден жас қалған жесір әйел. Бір бөлмелі үйде жұпыны ғана тірлік кешкен
машинистка болатын.
        Жалақысы
баласымен екеуінің ішіп-жемі киіміне жетпегендіктен, көбіне үйіне де жұмыс алып
істейтін. Үйіне алып істеген жұмысының бірі - менің «Инеш» романымның алғашқы
нұсқасы.
        Жүре келе ойда
жоқта Әлизаның бағы жанды. Алпыстан асқан шағында атақты бір адамға тұрмысқа шықты
да, бұрынғы кем-кетік, жоқ-жітіктің бәрінен оп-оңай құтылды да кетті. Құтылып
қана қоймады. Енді үлде мен бүлдеге оранып жүретін болды. Бірақ табиғатында
ақжарқын, сұлу, ашық жаралған Әлиза, талғам дегеннің де не екенін білетін кісі.
Көрейін де өлейін деп үстіне не болса, соны жапсыра бермей, сәнмен киініп
ел-жұртты өзіне қаратып жүрді...
...Бір жолы мен өзімізге етене бір мекемеде отыр едім, Әлиза
кіріп келді. Жетпіске қарай келіп қалса да құлпырып кеткен. Үстінде аса қымбат
манто. Басында сол түстес қымбат теріден тігілген бөрік. Салалы саусақтарында
біриллиант көзді үш-төрт платина жүзік.
     Ашаң да сындарлы
бітімі жиырма бес-отыздағы кезіндегіше ашылып, үлбіреп тұрғандай. Тал бойындағы
мінін іздегің келсе, онысы - салпыншақты көнетоз алтын сырға мен елуінші
жылдарда болмаса, кейін сәннен қалған кішкене алтын қол сағат.
          Өзім жақсы
көріп сыйлайтын әрі жасы да, жолы да үлкен Әлизаға ұшып түрегеліп орын ұсындым.
Басқалар да қалысып жатқан жоқ.
-        Әлиза жеңге,
былай шығыңыз...
          Әлгіндей
болмады, ақ жаірқын Әлнза жұртты баурап әкетті. Бөлме іші көңілденіп жүре
берді. Сөз арасында Әлизаны бұрын да жақсы білетін, өзіне тетелес есепші әйел
отырып:
-        Киген киімің,
салған әшекейлерің қымбаттылығымен ғана емес, әдемілігімен де көз тартады.
Өзіңе сондай жарасады. Бойыңды да, әріңді де ашып тұр. Сөйтсе де ана сағатты
платина сағатқа, ал ана алтын сырғаны көзі бар сырғаға ауыстырсаң, тіпті қатып
кеткен болар еді, - деді ағынан жарылып.
         Әлиза жауабы
дайын екен:
-        Шындап
келгенде, мына сағат пен сырға өзіме сондай қымбат. Жо, жоқ, үстімдегі асыл
дүниелерді кемсіткенім емес. Сөйтсе де маған олар өзімдікі емес, біреудікі
секілді, жат болып көрінеді. Киіп жүргеніммен, салып жүргеніммеп қызығы жоқтай.
Ал сырға мен сағаттың жөні бөлек.
-        Иә, қалайша? -
деп жұрт құмартып қалды.
-        Бір мың тоғыз
жүз елу екінші жылы Сафуанның «Болашаққа жол» романын басып мың сом алдым. Қай әйелде
әлсіздік жоқ?! Менің арманым - алтын сағат пен алтын сырға еді. Соған қолым
жетті. Бұл әшекейлер - өзімнің табан ақы, маңдай терім. Платинаң мен бриллиантыңа
айырбастамай жүргенім де содан, - деді Әлиза бір күрсініп. - Тапшылық, жоқшылық
көрген кезімнің жәдігері. Ыстық көрінетіні де содан.
           Әлизаның
ақылды сөзіне отырғандар бас шұлғысып қалды.