ВЕРНУТЬСЯ

       Бірде Ғабит
ағамыз мынадай бір қызық әңгіме айтқан еді.
Екі ғасырдың тел қозысы, атақты күйші Дина Нұрпейісованың
көңілін сұрауға төрт-бес жазушы барыпты. Ішінде Ғали Орманов бар екен. Ұлы
күйшінің науқасы меңдеп жатқан кез болса керек. Басқалары сабырлық танытып
үндеңкіремей, алысырақ қалса, Ғали домалаңдап анамыздың қасына барыпты да аяғын
сипап жіберіп:
-        Үймәй-әй, башайларыңның
жаны кетіп қалыпты ғой, өліп қалмасаң жарар еді... - депті.
      Сонда
аңғырттықпен айтылған осы бір сөзді ұнатпай қалған Дина әл үстінде жатса да:
-        Тәйт әрі, мына
шіркін қолын қайда апара жатыр?! - деп аяғын жинап алған екен...