ВЕРНУТЬСЯ

    Ертерек жылдардың бірі. Әлдеқандай болып қопайып жүргеніммен
үйде көк тиын жоқ. Қарызға бірдеме шықпас па екен деген үмітпен Жазушылар одағына келдім де көп кешікпей үйге телефон соқтым, елу сом
табылды. Қазір барамын.
      Осыдан кейін
тындыра кетер бір шаруам болып «Жұлдыз» журналының ол кездегі бас редакторы
Жұбан Молдағалиевтің кабинетіне кірдім. Ғабиден Мұстафин отыр екен, қуанып
кетті:
-        Міне төртінші
қол табылды ғой...
-        Ал кеттік
онда,- деді Жұбан.
       Қалайша
көнбейсің! Жұбан үйіне барып карта ойнадым. Қырсыққанда қымыран іритіні рас
екен. Қалтамдағы елу сомның үстіне жиырма бес сомға тағы қарыздар болып, түннің
бір уағында сөмпиіп үйге келгенім. Тоқ бала аш болам деп ойламайды,- деп Абай айтқандай,
қолы шыққандардың менде не шаруасы бар, масайрап қала берді.
        Әрине аштан
өлген жоқпыз. Сөйтсе де С. Маршактың:
Скачет заяц бороздой,
У него карман пустой.
Катя к зайцу подошла
Калача ему дала.
Подарила медный грошик,
Чтобы купил ему для крошек,
А купил он табаку,
Курит лежа на боку,
Эдаки бездельник, - деген өлеңдегі қаңғыбас қоянға ұқсап
кеткенімді есіме алсам күні бүгінге дейін арқам мұздап қоя береді...