ВЕРНУТЬСЯ

        Аялдама -
остановка. Азагүл - траурный венок. Асадал - буфет.
Асадал бұрын қазақ тілінде бар сөз. Бірақ Ісләм оны жаңа
мағынада қолданып отыр.
          Аққайнар -
шампанское. Әуескер - любитель. Әуегер - аэронавт. Алжұмыр - помидор. Ісләм бұл
сөзді - жаужұмыр - картоп - деген сөзден шығарған. Ол - парсы тілінен кірген сөз. Қызыл мағынасында.
Алқызыл - қызылдың қызылы немесе қанқызыл. Бұл жерде ескерер бір жәй - көркем
әдебиетте - помидорды - қызан - деп көбірек қолданып жүргеніміз. Менің ойымша -
қызан - тілімізге кірігіп келе жатқан сөз.
Балмұздақ - мороженое. Бөртегүл - сирень. Бейдауа - рак
(болезнь). Бағажат - отзыв. Балшарап - сухое вино. Басылым - издание. Баспагер
- издатель. Басжалбыр - капуста. Бияла - пузырь. Солтүстік жақтың қазақтары -
пузырьді - бұзыр депді. Мәселен, шамның бұзыры.
        Гүлгүл - букет цветов. Ғарышкер - космонавт.
Ғарыш - космос.
Әдеби тілімізде кірігіп келе жатқан сөз. Ғаламшар - планета.
Дүниетаным - мировозрение. Дүниетанымды-Мүхтар Әуезовтің қатты ұнатып - табылған
сөз деп бағалағанын өз құлағыммен естігенім бар.
Дауажай - курорт. Дамылжай - дом отдыха. Дәрігер -
фармаколог. Дәрішілік - фармалология.
        Ісләм бұл
жерде - фармакологияның арғы тегі - жетесіне сүйеніп отыр. Ррагтакоп - грек
тілінде - дәрі. Іогоз
- ілім. Дәушия - бутыль. Думан - фестиваль. Еңбеккер - труженик. Емгер - врач.
Емші - лекарь. Жазбайшы - писун. Жазақ - писака. Жазғақ - графоман. Жазбалақ -
писание. Жазылыс - подписка. Жергін - землянин. Жағажай - пляж. Жайлаужай -
дача. Жемсін - овощ.
         Ісләм қазіргі
тілімізге кіріп бара жатқан - көкөніске қарсы. Фрукты-овощи - жеміс-жемсін. -
Қандай үйлесімді.
        Жазбай -
писанина. Жаннатжай - вилла. Ісләмнің ұғымында жаннат - жердің астында емес,
үстінде. Жанжай - больничная палата. Зымыран -ракетаноситель. Көргілік -
зрелище. Көңілім - представление. Көрермен - зритель. Кәрлен - фарфор. Кәрсен -
фаянс. Керсен - чаша. Көкшін - зелень. Кеніш - рудник. Қойылым - постановка.
Қаламгер - мастер пера.
Құлтемір - роборт. Хайыр - брат милосердия. Медбрат. Хайрия
- сестра милосердия. Медсестра. Медшарап - коньяк. Намыскер - болельщик.
Меніңше табылған балама. Жыртып отырғаның кімнің намысы?
Немесе - кімнің намысын жыртып отырсың? - демей ме қазақ! Жанкүйер деген асыл
сөзді қайдағы жоқ - болельщикке қор етуіміз - ана тілімізді қастерлемеушілік.
         Отырғы -
стул. Орынтах - кресло. - Ойналым - спектакль. Оқырман - читатель. Өнержай -
дом творчества.
      Өнержай! Осындай
тамаша балама тұрғанда - Әл Фараби атындағы творчество үйі - деп жарнама қағуымыз
қандай жарасымсыз. Өркениет - цивилизация. Бұл енді айтары жоқ сөз. Суреткер -
художник пера. Сахнапаз - мастер сцены. Сайран - гастроль. Сарай - смотр.
Саулықжай - здравница. Сақтықжай - профилакторий. Сәуленке - отражение. Тілүн -
речь. Тілбілім - языкознание. Тілтаным - языковедение. Тариғат - историография.
Тұғыртах - табурет. Тұғырық - скамья. Тағамат - меню. Шарай - орбита. Шиша -
бутылка. Шөлмек - склянка. Шұжықан - сарделька. Шүжікен - сосиска. Шыжғырық -
шашлык. Шипажай - саноторий. Үнүлгі - стиль.
           Жеке бір сөз
айшықтары: жаныңыз жадырасын - с легким паром. Таң талайлы - доброе утро. Күн
шырайлы - добрый день. Кеш арайлы - добрый вечер.- Бұл жерде - кеш жарық деген
әдемі сөзіміздің барын ескергеніміз жөн. Түн тынымжы - спокойной ночи.